Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
7 жалпы білім беру орта мектебі КММ
Музыка пәні мұғалімі
Усенбаева Дина Абдигалиевна
Жаңа инновациялық әдістерді пайдалана отырып, білім сапасын арттыру өмір талабы
Музыка пәніндегі оқытудың тиімді жолдары
Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сыныптық сабақ жүйесі екені бәрімізге мәлім. Осыған орай менің тәжірибемде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрінен басқа, дәстүрлі емес сабақтар түрлері де пайда болуда. Олар көбінесе оқытудың жаңаша әдістеріне негізделіп құрылуда. Бүгінде оқыту жұмысын осылай ұйымдастыру мен әдістің жаңалығы басқа ұстаздардың жаңа жағдайға байланысты оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен пайдаланудың негізгі өлшеміне айналуда. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері мен пәнге байланысты жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді.
Инновация -оның мәні білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы- ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуы керек. Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек», оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Осы бағыттарда мектептерде музыкадан теориялық және тәжірибелік білім беру жүйесінен біраз тәжірибелер жинақталған, солай бола тұрса да, музыка сабағын жүйелі оқыту, әсіресе қазақ мектептерінде ұлттық бай музыкалық мұрамызды пайдаланудың жолдары әлі де көрсетіле беруі тиіс.
Басты міндет-оқыту мен тәрбиелеу. Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн әуендерімен, классикалық музыкамен ұштастыра, шығармашылықпен тақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді. Оқуға ынтасы барды да, ынтасыздарды да,музыка әлеміне қызықтырып, оқушылардың рухани бейнесі, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығару — ұстаздардың басты мақсаты.
Музыка пәнін оқытудағы жаңа инновациялық әдістердің тиімділігі
Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімімен біліктілігі шынайы да нақты қалыптасады.
Осындай жолмен қалыптасқан білім мен біліктіліктің танымдық маңызы да зор болады. Мен осы бағытарда сбақты түрлендіруде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асырып келемін.
Атап айтсам: Кім шапшаң?, Әуенді тап, Сөз жұмбақтар т.б сонымен қатар ұлттық музыка әлеміне байланысты сабақты түрлендіріп өткізуге жаңа инновациялық технологияларды қолдану да орыны орасаң зор.
Жаңа инновациялық әдістерді пайдалана отырып, білім сапасын арттыру өмір талабы