Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
12 жалпы білім беру орта мектебі КММ
Музыка пәні мұғалімі
Орунова Дамегул Лепесовна
Қазіргі таңда жалпы білім беру орындарында музыка сабағын жоғарғы дәрежеде өткізу көзделіп отыр. Музыка пәні – шығармашылық пән. Оған көптеген ізденіс, шығармашылық, іскерлік, тапқырлық өте қажет.
Сондықтанда музыка пәні мұғалімдеріне мектеп әкімшілігі, ата-аналар зор үміт артады. Оқушы бойына музыкалық білімді игерту — пәндегі сабақ жоспары құрылымы бойынша болғанымен жеке дара табиғи дарынды оқушылармен жұмыс аспаптық үйірмелер арқылы дамитынын білеміз.
Сол орайда музыка пәні мұғалімінің кәсіби шеберлігі жоғарғы деңгейде болу керек. Ал ол үшін пән мұғалімі қазіргі таңда қолданысқа берілген жаңа технология әдіс-тәсілдерін, түрлі бағдарламалар элементтерін дұрыс және ұтымды қолдануы қажет.
Музыка сабағында
сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалану
Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып ой толғау жасауға болады. (мыс: музыка сабағында сабақты
ойын түрінде ұйымдастыру керек)
осы арқылы оқушылардың музыкаға бейімділігін арттыруға болады
Осы тиімді әдіс-тәсілдер оқушының музыка пәніне деген қызығушылықтары және оқушы шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, құрметі, эстетикалық талғамы артады
Музыка сабағында онда 1-4 сыныптарға сергіту сәтін алуға болады
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
Сынып оқушыларына жеңілдеп тапсырмалар беруге болады
Сәл күрделі жаттығулар береді
Сабақтың екінші сатысында көрсетілген сұрақтар беру арқылы жаттығуларды орныдату
Бұдан қандай нәтежиелерге қол жеткізуге болады? Сабақ барысында
1.Алдымен оқушының не? деген сұрағына:
Сабақта шынайлық, оқыту бар екенін көрсету.
2.Оқушының қашан? деген сұрағына:
Сабақтан кейін болатын жағдайды толық анықтатуға көз жеткізу қажет.
- Оқушының қайда? деген сұрағына:
Оқушының және ұстаз арасындағы серіктестігін анықтап нәтежиеге қол жеткізу қажет.
Әлемдік педагогикалық зерттеулерді саралау, оларды қазақ мектебінің үрдісіне ұтымды қолдану, ұлттық жүйенің ерекшелігін ескере отыра жаңа педагогикалық технологиялар мен иновациялық бағыттарды жұмыс формаларында орынды пайдалану қажет.Әрбір халықтың тәлімгерлік тарихына назар салар болсақ, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан мол тәжірибені байқаймыз.
Бүгінгі мақсат халықтың музыкалық педагогика саласының сол озық идеяларын жандандырып, білім беру жүйесіне енгізу отыр.
«Музыкалық тәрбие әдістемесі» білім беру жүйесіне әрдайым бағынады және музыкалық педагогика үрдісін дамытады. Болашақ ұрпақтың дәстүрлі музыкасын бойларына сіңірте келе әлемдік музыка әлемімен ұштастырып, рухани байлықты жан дүнесіне игереді.
Орыс сазгері М.И.Глинка айтқандай «Музыка – менің жан — дүнием »,- деп әр мұғалім музыка сабағын өздерінің шеберліктерімен мектептегі жоғарғы дәрежелі сабақ ретінде көтеруі парыз.
Қорыта айтқанда:
Ең алдымен оқушыға жеке тұлға екенін сезіндіру. Оқушының әлеуметтік, құзіреттілігін дамыту. Сол арқылы оқушының өзін-өзі басқарудағы әлеуеті арттыру.