Home » Мақалалар » Білімге — қашықтық бөгет болмайды

Білімге — қашықтық бөгет болмайды

 Алматы қаласы, Жетісу ауданы
№110 мектеп – гимназияның
орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.
Тоқтарбай Маржан Таңжарыққызы

     Қазақстан аумағында төтенше жағдай жариялануына байланысты еліміздің барлық білім беру мекемелері мен оқу орындары қашықтықтан оқуға көшті. Тек оқушылар мен ұстаздарға ғана емес, сонымен қатар ата-аналар қауымына да таңсық форматтағы онлайн оқу әдісі алғашында көңілге үрей ұялатқаны рас.

Мұғалім – әртіс немесе тележүргізуші емес, сол себепті алғашқы уақытта камера алдында арнайы дайындықсыз сабақ жүргізу қиындық тудырғаны рас. Мұның өзі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан оқушылар мен ата-аналар қауымынан түсіністік танытуы қажет болды.  Сондықтан болар тоқсан басында өткізілген сынама сабақтар оқушыларға да, ұстаздарға да тиімді жолдарды таңдауға көп мүмкіншілік берді. Бірден бәрі оңай шешіле қойған жоқ. Бірақ қазіргі таңда қашықтықтан  оқытудың  нәтижесін байқаудамыз. Бұл тек  мұғалімге  ғана емес, оқушылар мен оны үйде қадағалап отырған ата-анасы үшін де үлкен сабақ болды. Оқушыларымыз  да ата-аналардың, ұстаздардың  көмегімен смартфондарды, компьютерлердегі  қажетті  ақпараттарды тез игеріп алды.

Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.  Сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт. Ұстаз тапсырмаларды берсе, оның орындалуын қарап, бағалайды, ал оқушы кері байланыс жасап, қайтадан мұғалімге жібереді.Осы тарапта оқушылар бейне-сабақтарға қатысып, бағалауға байланысты жүйелерді іске қоса біледі, өз беттерінше жұмыс жасай алады, көбірек ізденеді, оқуға деген ынтасы артады.

Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:

— оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.

— қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет. 

Қашықтықтан сабақ өткізудің өзіндік алгоритмдері бар, олар:

  1. Сабақтың тақырыбы мен түрін анықтау (жаңа тақырыпты зерделеу, қайталау, тереңдету, бақылау).
  2. Сабақтың ұйымдастыру моделін пысықтау.
  3. Оқу құралдарының тізбесін анықтау.
  4. Білім алушыға оқу материалдарының қолжетімділігін қамтамсыз ету.
  5. Әртүрлі ақпараттық оқыту материалдарын пайдалану.
  6. Сабақты ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін қолдану.
  7. Білім алушыға мұғалімнің бейне сабағын кез келген уақытта қарауға мүмкіндік беру.
  8. Кері байланысты ұйымдастыру.

Қазіргі кезде ең бастысы — оқушылар білім алудан қол үзбеу керек.  Осы орайда бағыт – бағдар беріп отырған мектеп директоры Ж.Н.Абитоваға, директордың орынбасарлары Н.Р.Маликоваға, Ж.А.Өміртайға, Г.Б.Габдоллинаға, К.С.Тулетаеваға, З.О.Раймкуловаға, С.Т.Көбелдесоваға, және де оқушыларға білім беріп отырған мектеп ұстаздарына қанаттары талмасын, еңбектері жана берсін демекпін. Алдағы күндері елімізде орын алған жаман індетінің  беті қайтып, қалыпты өмірге оралып, сүйікті оқушыларымызбен бетпе – бет жүздесеміз деп сенейік. Біз біргеміз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.