Қосниязов Дуйсенғали Бердібаевич.
Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы
Бесшоқы тұрғын үй массиві
«№8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
тарих пәні мұғалімі.
Ұлы Жеңіске 75 жыл.
Адамзат тарихында Ұлы Отан соғысындай миллиондаған адам қаза тапқан жойқын соғыс болған емес. Міне биыл сол сұрапыл соғыстағы Жеңіске 75жыл толады. Сол соғыс жайында жазылған әдеби кітаптар, шығармалар естеліктер мен әңгімелер, мемуарлар,баспасөз басылымдары өте көп. Сол шығармалардың қай-қайсысының да өскелең ұрпақты патриоттық, ерлік рухта тәрбиелеуде берер өнегесі мол. Ұлы Жеңіс бізге оңайлықпен келмегені белгілі. Мыңдаған боздақтар неміс-фашистерімен болған кескілескен шайқастарда ерлікпен қаза тапты. Олардың есімдері ел есінде әрқашан ұмытылмай сақталуы тиіс.Осы жылы Ұлы Жеңістің 75 жылдығын еліміз ерекшелікпен атап өткелі отыр. Соғыс ардагерлерінің саны жылдар өте азайсада, оларды біздер ерекше құрметтейміз. Мемлекетіміз оларды әрқашан құрметтейді. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай–соғыс ардагерлеріне үкімет бір миллион теңгеден сыйлық беретін болды.
ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы аштық пен саяси дүрбелеңде көршілес елдерге қоныс аударған маңғыстаулық қазақтардың талайы Ұлы Отан соғысына басқа жерлерден аттанды. Олардың көпшілігі Маңғыстаудың майдангерлері туралы деректер жазылған кітаптарға енгізілді. Дегенмен әртүрлі себептермен оларға енбей қалғандары да баршылық. Мен осы мақалам арқылы кезінде Манғыстау қазақтарының қыстау қонысы болған Жаңғақтың ойында, Түркменстанның Красноводск ауданындағы Қошаба ауылдық кеңесінен 1941-1945 жж. Отан қорғауға аттанып, қан майданда ерлікпен қаза тапқан боздақтар туралы еске алмақшымын. Бұдан 38жыл бұрын, Ұлы Жеңістің 47-жылдығына орай Красноводск кейін (Түркменбашы) аудандық «Жұмысшы» газетінде Түркменстанның Красноводск өңірінен майданға аттанған жауынгерлердің тізімі жарияланып жатқан кез болатын. Сол кезде аталмыш басылымның редакторы Есберген Іңірбаев еді. Бұл ағамыз Ұлы Отан соғысына қатысқан және майданда шәйіт болған маңғыстаулықтар, соның ішінде Кеңес Одағының Батыры атағын алған жерлестеріміздің өмірдеректерін зерттеп жариялауда еңбегі зор қаламгер. Есберген ағамыздың «Маңғыстау қаһармандары 1941-1945» деп аталған кітабы да шықты. Кейінгі жылдары Маңғыстау облысының «Нұр-Отан» партиясының филиалында жауапты қызмет атқарды. Сонымен боздақтардың тізімі жарияланды. Солардың қатарында осы мақала да беріліп отырған 68 ауылдасымыздың аты-жөндері де газетке басылып шықты. Өзім сияқты мектеп мұғалімдері газетке шыққан материалдарды қиып алып, сабақта пайдалану үшін бөлек папкіге тігіп қойғанымыз әлі есімде. Сол кездегі Қошоба №14 орта мектебінің директоры Қуандық Бекмағамбетов (қазір Жаңаөзенде ардагерлер үйымының төрағасы) Жеңіс күніне арналып кеңшар жұмыскерлерімен бірге өткізілген мерекелік жиында баяндама оқуды маған тапсырды.
1992 жылы 8-мамырда ауылдық мәдениет үйінде өткен шарада оқыған баяндамамда өзім білетін, соғыстан аман оралып, кейін дүниеден өткен ауылдас ардагерлердің есімдерін де кірістіргенмен. Олар; Әуелбай Көптілеуов, Төлеген Жәнетов, Қойбағар Нұрманов, Зәкерия Нұрманов, Аманкүл Дінәсилов, Бөлекбай Қодарғұлов, Шүйке Дәуленбаев, Ербөлек Ермағанбетов, Берекет Тасқараев, Әбді Жалғасбаев, Тыныш Қармысов, Тоқбай Қалдыбаев. Қазақстанға көшіп кеткен майдангерлер Сұлтан Балхаев, Әділ Жаңаевтың есімдері де аталады. Сол кезде құрмет демалысындағы соғыс ардагерлері: Нәби Бердібаев, Төребай Таласбаев, Лесбай Өсербаев, Найзабек Еркінбаев, Кенжебек Төлеубеков, Али Ержанов, Итіман Қаржаубаев, сынды ақсақалдардың көбі арамызда бар болатын. Қазіргі уақытта олардың бәрі де о дүниелік болып кетті.
Баяндамамда Қошаба аулынан Отан қорғауға аттанып майдан даласында көз жұмған боздақтардың есімдерін атадым. Мерекелік жиналыста болған ауылдың үлкен азаматтары артынан алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Алмағайып заманда әр жаққа шашырап кеткен Манғыстау халқының тарихын түгендеуге қажет болар деген ниетпен сол 68 соғыс құрбанының тізімін беріп отырмын:
1.Ағиев Еренғайып.
2.Айбергенов Медет .
3.Айтжанов Әбдірахман.
4.Бөлтеков Әбдікерім.
5.Айдаров Тортай.
- Балғаев Қаршыға.
7.Бейнеуов Байжан.
8.Бітиков Шалабай.
9.Қодарғұлов Ақмұрат.
10.Қарабаев Төкен.
11.Қосаяқов Есіркеп.
12.Дәуленбаев Қанғазы.
13.Дәуленбаев Әбілғазы.
14.Дәуленбаев Сейітқазы.
- Ерсібаев Ораз.
- Жаңаев Тұралбай.
17.Жаңаев Тұрашбай.
18.Жетекбаев Олжабай.
19.Жолдасбаев Боқыш.
20.Жолдасбаев Ізбасар.
21.Жалғасбаев Жұмаш.
22.Қашабаев Торғай.
23.Манжанов Теңізбай.
24.Тұрақов Сағын.
25.Тегісбаев Серді.
26.Тасқараев Азамат.
- Тасқараев Саламат.
- Таласбаев Жылқыбай.
- Таласбаев Қойшыбай.
30.Сұлтанбаев Бижан.
31.Қызылқұлов Ораз.
32.Сұлтанбеков Нұрберген.
33.Сариев Сүлеш.
34.Өтебаев Сарсен .
35.Отаров Әбді.
36.Ізбасаров Атаған.
37.Қонысов Қармен.
38.Ізтаров Бимұхан.
- Нұржанов Отарбай.
40.Жолдыбаев Жақып.
41.Сариев Жаңбырбай.
42.Темірбаев Есқали.
43.Бөрібасов Жәңгір.
44.Қосанов Рахым.
45.Қызылов Олжабай.
46.Қалдыбаев Сынан.
47.Дошықов Тауынбай.
48.Қармысов Қыдырбай.
49.Сандыбаев Таубай.
50.Берниязов Сағын.
51.Өскінбаев Таубай.
52.Қосмырзаев Көкімбай.
- Сүгіров Көңілімқос.
54.Сүгіров Ерғали.
- Сүгіров Жайлаубай.
- Нұрғалиев Қойшыбай.
- Жақыпов Мұстафа.
58.Тасыров Жарылқап.
59.Сисенғалиев Мұрат.
60.Сисенғалиев Абдулла.
61.Алғалиев Сатыпалды.
62.Дошықов Мұздыбай.
63.Бабанов Жансары.
64.Қосжанов Қызымхан.
65.Атағұлов Қисар.
66.Тәушенов Абсат.
67.Қалдыбаев Ораз.
68.Досанов Қыдырқожа.
Тарих уақытпен бірге айналып тоқтаусыз алға жылжуда. Жоғарыда аттары аталған арыстардың көпшілігінің балалары, бауырлары, ағайын–тумаластары, немерелері мен шөберелері бүгінде тәуелсіз Қазақстан еліміздің , әр қиырында ел қатарлы еңбек етіп, еліміздің көркеюіне өз үлестерін қосуда.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысынан елге оралмай, жеңіс үшін жандарын пида еткен боздақтардың, майданнан аман–есен оралып, өнімді еңбек еткен марқұм майдангерлердің жатқан жерлері жайлы, топырағы торқа болсын!. Ерлер есімі елдің есінен ешуақытта шықпақ емес.