Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы,
Құрық селосы,
«Облыстық санаторлық мектеп-интернат» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Атабаева Дина Беркимбаевна
Қашықтықтан оқыту- аты айтып тұрғандай, өскелең ұрпақты қазіргі мына елімізге келген індеттен аман сақтау мақсатында өткізіліп жатқан игі сақтық шаралардың бірі. Осындай ел басына күн туған кезде, «Арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей» ұстаздар мен оқушылардың саулығын ойлап, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру- білікті іс.
Әрине, бастапқы әзірде қашықтықтан оқыту ұстаздар мен оқушыларға да оңай соқпады. Бірақ та, «Басқа түссе- баспақшыл» дегендей, бұл жағдайға да көндігіп, білімді де, білікті, ізденімпаз ұстаздарымыз онлайн жүйелер арқылы өз жұмыстарын жалғастыруда. Ұстаздардың кәсіби шеберліктерінің арқасында оқушылар да қашықтықтан оқытудың қыр-сырын тез ұғынып, күнделікті сабаққа белсене қатысуда. Бұл дегеніміз- көңіл қуантарлық жағдай. Дегенмен де, ұстаздар қауымы бұл жағдайдан аман-есен шығып жұмыс орындарына, ал, оқушылар тезірек сүйікті мектептеріне қайтып оралғандарын қалайды. Оқушылар ұстаздарына, мектебіне деген сағыныштарын аудио жазбалар, хат-хабарламалар арқылы жолдауда.
Ал, ата-аналар болса ұстаздардың қадір- қасиетін түсініп, еңбектерінің елеулі екенін біле түскендей.
Осы орайда мақаламды төмендегі өлең шумақтарымен қорытындылағым келеді.
Жойылсын жалғыз сөз оба деген,
Жойылсын мәңгілік бұл індет.
Бетперде орнына- күлімдеген,
Қуанышты жүздер көрінсін.
Кел, достарым, ән бастайық,
Жаһанды жаңғыртып.
Ұстазды шәкірт, шәкіртті ұстаз,
Жоқтамасын мәңгілік.
Көктесін жас буын одан әрі,
Өткен күндер қайтадан оралар.
Ұстаздың ұлықтығын бұдан әрі,
Қадірлеп, барша жұрт бағалар.
Жойылсын жалғыз сөз оба деген,
Жойылсын мәңгілік бұл індет.
Әлемнің барлық адамдары,
Жер бетінде еркінсіп жүрсе екен.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, іргеміз бүтін болғай! Біз біргеміз!