Home » Балабақша » «Бір шаңырақ астында»

«Бір шаңырақ астында»

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы,
№59 бөбекжай-балабақшасында «1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі» күніне арналған»Бір шаңырақ астында» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шара әнұранымызды орындаумен басталды.
150-ден аса ұлт пен ұлысқа ортақ отан болып отырған еліміздің бірлігін, татулығын көрсету мақсатында тәрбиеленушілер “Достық” биін билеп, ортадан шаңырақ көтерді. Бұл шаңырақ еліміздегі орыс, ұйғыр, өзбек, жапон т.б халықтардың достығының “символы” болды десек те болады.
Ұлттық ойынымызды ұлықтау, ұлттық құндылықтарымызды ұмытпау, бала бойына қазақилықтың иісін сіңіру ниетінде “Асық” ойыны ойнатылды.

“Әлем сүйсінер елдің азаматшасы болу үшін үлкен мақтаныш. Біз айтар ән де Қазақстан. Біз жырлар күй де Қазақстан. Себебі, біздің отанымыз — Қазақстан”. Жүректері осылай деп жырлап тұрған бүлдіршіндеріміз «Қазақстаным Отаным» әнін шырқап, қыздарымыз мың бұралып “Ерке сылқым” оюлар биін биледі. Мерекелік іс-шара аналарымызға арналған әсем әнмен өз мәресіне жетті.

—Біздің мақсатымыз балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Ән айтып, би билеп, балаларды шығармашылыққа баулу. Бейбітшілік, татулық, достық ұғымдарын қалыптастыру — деді №59 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Беркимбаева Бибугул Тулегеновна.

Мерекелік іс-шараны жоғары деңгейде, балалардың ойы мен көңілінде сақталар кеш етіп ұйымдастырған
№59 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі, әдіскері, тәрбиешілері мен барша ұжымының еңбегін айтпай кетуге болмас.

Сіздерді татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

“BILIM AINASY”,
Алматы қаласынан,
Ақерке Аманқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.