Алматы қаласының әкімдігі бастамасымен «Алматы — біздің ортақ үйіміз» атты науқанына Әуезов ауданына қарасты КМҚК«№44 бөбекжай-балабақшасының» ата-аналары, балалар және жалпы ұжымы қолдау көрсетіп сенбілік өткізді.
Іс-шараның мақсаты: қаламыздың инфрақұрылымына ұқыпты қарау, балаларды азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетке тәрбиелей отырып, экологиялық бастаманы қолдау және іске асыруға жағдай жасау.
Әуезов ауданының білім бөлімі әдіскері Ногайсарина Г.Ж. науқанға өз үлесін қосты. Науқанның екінші кезеңі «Біздің қала, біздің аула, біздің үй» негізінде балбақшамыздың ауласында тазалау, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, ойын алаңдары түрлі-түске боялды. Бақшамыздың ажарын кіргізетін әсем раушан гүлдер егіліп, білім ордамыздың биылғы жас түлектері ата-аналарымен, тәрбиешілерімен бірге алма ағашын отырғызды. Іс-шара барысында бүлдіршіндер түрлі-түсті борлармен жерге көз тарттар суреттер салды. Сенбілік соңы дәмді тіскебасарлармен, фуршет үстінде қорытындыланды. Ата-аналар науқанда өз белсенділіктерін көрсете отырып, балабақша ұжымына алғастарын білдірді. Табиғатты аялау барысындағы бұндай игі істер балабақшамыз тарапынан әлі де жалғасын табады.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.
#Алматыбіздіңортақүйіміз #ҚалабіреуХалықтіреу #Алматынашобщийдом #НасМногоГородОдин
Алматы қаласы
КМҚК «№44 бөбекжай-балабақшасы»
меңгерушісі:
Шаяхметова Гулжанат Зейноллаевна.