Home » Балабақша » Наурыз келді – жайдары!

Наурыз келді – жайдары!

Алматы қаласы, Әуезов ауданы КМҚК «№146 бөбекжай-балабақшасында» «Наурыз келді – жайдары!» атты мерекелік ойын-сауық кеші өтті.
Бұл кеште  Әуезов ауданы балабақшаларының меңгерушілері мен ата-аналары  қонақ болды.
Мерекелік кештің шымылдығы ересек “Жұлдыз” тобының орындауындағы «Наурыз көктем» әнімен түріліп, артынша балалар өлең жолдарын оқыды.
Ұлтымыздың ұлттық ойынын да ұмытпай, ұлықтауға ат салысқан  “Жұлдыз” тобының ұландары «Асық» биін биледі.
Наурыз жырын жырлаймыз,
Осыменде тұрмаймыз.
Шыңдалып жеткен бұл күнге,
Ел дәстүрін сыйлаймыз, — дей келе  ортаңғы «Бәйшешек» тобының “Наурыз” әнін тыңдап, оқыған өлең жолдарына көзіміз сүйсініп қарап отырдық. «Бәйшешек» тобының арулары мың бұрылып «Аққу» биін билеп, көрермен көзайымына айналды.

Мерекелік кеш ересек «Еркемай» тобының «Әз- наурыз» әнімен жалғасын тапты.
Наурыздың ақындар айтысынсыз өтпейтіні анық, балалар да бұл дәстүрді жалғап, кештің көркін кіргізіп
жұмбақ айтыс жасады.
22- наурыз  аспан денелері өздерінің бастапқы нүктелеріне келіп,
күн мен түн теңелетін, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін,жер үстіне шаттық орнаған күн.
“Сұңқар” тобы Ай мен Күн көрінісімен кешті жалғастырды. “Сұңқар” тобының тәрбиеленушісі Сәрсебекова Арна «Бесікті аластау» дәстүрін көрсетті. Сондай-ақ “Сұңқар” тобының тәрбиеленушілері ақындарын айтысын ұйымдастырып, би де биледі.

Кешті мектепалды «Күншуақ» тобы «Наурыз» әнімен жалғастырып, өтірік өлеңдерін оқыды. Балалар “Жігіттер биі” және “Қара жорға” билерін биледі.
Ұлттық ойындарымыз “Шертпе” және “Аударыспақ” ойнатылды.
Балалардың орындауындағы «Көктем» әнімен мерекелік кеш өз мәресіне жетті.
Мерекелік кешке келген барлық қонақтар мен ата-аналар ден риза боп,
№146 бөбекжай-балабақшасының ұжымы мен меңгерушісіне өз алғыстарын жеткізіп, шығармашылық табыс тіледі.

Карипбаева Карлыгаш Кагазбековна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.