0Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№11 жалпы орта білім беру мектебі
ағылшын тілі мұғалімі,
Бакенова Узил Екибаевна
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 6 сәуірден бастап жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкені баршамызға белгілі. Мемлекетіміздегі білім беру саласындағы бұл өзгеріс әлемде орын алған коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген болатын. Бүгінде қашықтықтан оқыту жүйесінің енгеніне 4 аптадан астам уақыт өтті. Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты, мектептер колледждер, жоғары оқу орындары да қашықтықтан білім беруге көшіп кетті. Бірақ бүгінгі таңда бұл жаңашылдыққа ата-аналардың пікірі сан түрлі. Бірі бұл жүйені қолдаса, екіншілері кері пікір білдіруде. Әлем елдерінің барлығы сандық жүйеге көшіп жатқанда, қашықтықтан оқытудың біздің елдің білім алушылары үшін де берері көп деп ойлаймыз.
Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;
Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау оқу жұмыс жоспарына, оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қашықтықтан оқыту оқу жүйесіндегі жаңа формат болғандықтан, алғашында қобалжу болғанын мұғалімдер қауымы жасырмайды. Ұстаз бен ата-ана және шәкірт бірлесе жұмыс жасаса, бұл олқылықтың да орнын толтыруға болады. Жаңаша оқыту жүйесі заман талабына жатады. Оқыту үдерісінде өзгеріс енбейінше, нәтиже де болмайтыны белгілі. Сондықтан жаңа жүйені меңгеру біздер үшін де, оқушыларға да тиімді деп есептеймін. Жаңа білім беру ресурстары қазіргі таңдағы жаңашыл мұғалімнің күнделікті сабақты және сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастыруда таптырмас құралы екенін айта кеткім келеді..
Қашықтықтан оқыту тәсілінде жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын ,оқытудың компютерлік және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін білу шарт.Тосын жағдайға қазіргі оқытушылар дайын ба еді деген сұраққа жауап іздейтін уақыт емес. Осындай қиын кезеңде , жаңа белгісіз жаңалыққа қорқынышпен қарадық.. Алғашқы аптада, ата-аналар, оқушылар тіпті мұғалімдер арасында түсініспеушіліктер болғаны рас. Балалардың байланысқа шығып, жаңа жүйені түсінуіне, қалыпты білім алудан жаңа жүйеге ыңғайлануы оңай болған жоқ Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушылар аз уақыт ішінде барлық қосымша сайттармен жұмыс жүргізуді үйренді, тәжірибе алмасты , қандай мүмкіндіктер бар күн — түндей ізденді. Білім және ғылым министрлік таратынан да көптеген нұсқаулықтар берілді, телеарналардан сабақтар,бірнеше білім ресустары Bilimland, Daryn online жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар мұғалім мен оқушы Кundelik .kz , zoom, Googleclassroom, sabak.kz ,mektep edu ,whats app платформасында онлайн кездесіп алғашқы байқау сабақтар өткізіп, байқап та көрдік. 6 сәуір күні алғашқы сабақта оқушыларды көріп, бар қорқыныш артта қалды , ары қарай сабақты жалғастырудамыз . Кейбір кездері интернет нашар ұстайды , сабаққа оқушы толық қатынаспайды, жеке- жеке сөйлесуге тура келеді, кері байланысқа шығару қиындау т. с. осындай қиыншылықтарға қарамай, қандай жағдай болса да білім беруге ұмтылудамыз.
Қашықтан оқыту жүйесінде қоданылатын бағдарламалар мен ақпаратты жеткізу жүйесінің интерактивтік мүмкіндіктері, көптеген дәстүрлі оқу орталарында мүмкін болмайтын кері байланыс орнататын және икемдеп отырады, тұрақты көмек пен сұхбатты қамтамасыз етеді. Қазіргі заманғы компьютерлік телекоммуникация білім және түрлі оқулық ақпарат беруде, дәстүрлі оқу құраладарымен бірдей, ал кейде одан да әсерлі.
Мынандай төтенше жағдайда дәрігерлер мен тәртіп сақшылар секілді ұстаздарда өз батырлықтарын қандай қиын жағдай болсада білімділігімен тапқырлығымен сауаттылығымен жан-жақтылығын көрсетті.Әрине алдағы уақытта барлығы жақсы болып өз мектебімізге оқушыларымызбен қауышып дәстүрлі сабақ өтетін күнге жетейік.
#Біз біргеміз