Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
8 «жалпы білім беру орта мектебі»
Бастауыш сынып мұғалімі
Шалкенова Зәуреш Хожағалиевна
Әлемде болып жатқан төтенше жағдайларға байланысты білім саласында тың өзгерістер,орын алды.Бүкіл әлем шарпыған індет құрсауына іліккен еліміздің білім беру, жүйесі алғаш рет қашықтықтан оқыту режиміне көшті. Осы жауапты міндетті абыроймен ,атқаруда ұстаздардың рөлі ерекше. Білім және Ғылым министрлігі теледидар ,радио арқылы көріп тыңдауға мүмкіндіктер жасады.Айта кету керек қашықтан білм берудің, дәл қазіргі уақытта маңызы өте жоғары.Уақыттың талабы сол қайткенде де, оқушылар үйде отырып ,білім берудің жаңа форматтары жасақталып кеңінен ұсынылды. Сәуірдің 6-шы жұлдызынан бері оқушылар еліміздің «Балапан және Еларна» телеканалдарының көмегі мен білім алуға кірісті.Қазақ тілінде оқитын оқушылар күнде таңертең 900-ден « Балапан» телеарнасының алдына жайғасып,телеканалда көрсетілген сабақтан өздеріне керектерін дәптерлеріне түртіп алып отырды.Телеканалдағы сабақ біткеннен кейін, оларға ұстаздар ватсап желісі бойынша әр пәнен тапсырмалар, беру басталды. Ата –аналар да өз тараптарынан қолдау көрсетіп түсіністік танытып балалардың сабаққа қатысуын сабаққа деген ынтасын қадағалап отырды.Біз біргеміз! акциясы және әртүрлі іс шараларға байланысты челендждер әлеуметтік, желіде қолдау тапты.Біз өзімізге жүктелген жауапкершілікті толық сезінеміз,қиындықтарды бірлесіп жеңеміз.