Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен мектеп-гимназиясы
тарих пән мұғалімі
Бесімбаева Гүлшара Умирбаевна
Әлемдегі короновирустық инфекциясының салдарынын 2019/20 оқу жылының ІV тоқсанынан бастап, барлық білім беру ұйымдары қашықтықтан оқытуға көшті. Қашықтықтан оқыту бірінші аптада ұстаздарға көп қиыншылық туындатты. Алайда «Дарын» , «Білім ленд» т.б платформалар сабақтар дайындап оқушыларды қанағаттандыруға мүмкіндік жасағанмен оның артықшылықтары мен кемшіліктері қатар жүруде. Осы аталмыш платформадағы жақсы видеолар жүктеп, тапсырмалар дайындап, жіберуге дағдыландық. Бірақта оқушының қасында сабақ бергендей болмады. Сонда да түрлі жолдармен сабақ сұрап барынша оқушыларды қамтуға тырысудамыз.Күнделікті сабаққа қатысын бақылап отыру және тапсырманы мектеп еду мен ватсап арқылы жіберу мұғалімге оңай соғып отырған жоқ. Бұрын 5-6 сағатымызды беріп кішкентай болса да демалсақ ,қазір майданның алғы шебінде жүргендейсің. Таңертең сабақтарды жүктеп, сұрап,түсқайта оқушылардан келген тапсырмаларды қарап уақыт кетірудеміз. Күнұзағына компьютер мен ұялы телефоннан түспейтін жағдайға жеттік. Адамдардың ұзақ уақыт компьютер мен ұялы байланыста отыру адам денсаулығына қаншалықты зиян екені белгілі. Ал бірінші сыныптан бастап алатын болсақ , бірі ата-ана ықпалы арқылы сабақ оқиды, екіншісі өз бетімен оқиды, ал үшінші бала ата-анасының жұмыста болуына байланысты мүлдем сабақ бетшесін қарамай қалды.Бұрын оқушыларға, үйдегі балаларға ұялы телефонды көп ұстауға болмайды деп ұрсып жатсақ,енді:
-Жұмысың қайда?
— Апайыңа тапсырма жібердің ба?
-Мен оқушылардың тапсырмасын қарадым ба?
-Компьютерде оқушыларға көрсететін не бар екен?- деп көз майымызды тауысып, алдына телміріп отырғанымыз және отырғызуға ұмтылдырып, баланыда мәжбүрлеудеміз.
Кейбір оқушылардан сұраған кезде:
-Бір жағынан қызық,үйде отырып өз жұмыстарыңды жасап жүріп,қосымша білім алып жатасың. Кейде тапсырмаларды орындаймын деп отырып, уақыттың қалай өткенінде байқамай қаласың.
-Жақсы жағы үйде отырғанда өзіңді еркін сезініп, сабағыңды да еркін жеткізесің.
-Үйде болғандықтан уақыт жетеді,өзіңе қажетті іспен айналысасың.Тіпті ата-анаңның қасында отырып ,отбасы құндылықтарын, шынайы өмір жайлы мағлұматта аласың.
— Мектепте түрлі отбасынан келген оқушылар үлкен мен кішіні сыйлауды үйренеді.
-Қазір мектепте болмағандықтан оқушылар арасында мәміле тоқталғандай.
-Қазір цифрлы ғасыр болғандықтан, өзің қосымша мәліметтерді компьютерден ізденесің.
-Бір жаман жері бұрын маған телефонда алып бермеген, қашықтықтан оқи бастағанда мұғалім тапсырмасын орындай алмай қиналған кезде амалсыз телефон алып берді.Мен қуанып алдым. Алайда, тапсырмалар келе бастағанда, ата-анам бұрынғыдай телефон зиян, көп отыруға болмайды деп ұрыспайтын болды. Ал телефоннан ойын ойнап, кино қарауға уақыт болмай қалды.
Ал мұғалім үшін жақсы жағы түрлі платформалардағы тапсырмаларды оңай жүктеу ,оны алу үшін жақсы интернет желісінің ұстауы. Бұл үшін үкіметтің тапсырмасын орындаған телеграф жүйелері тапсырыс бергеннен дамылсыз қызмет етті. Және компьютермен жұмыс жасау жолдарын «Республикалық қашықтықтан оқыту» ватсабында республика көлеміндегі ұстаздардың бірлесіп, қоғамдаса отырып жұмыс жасауына мүмкіндік туды. Бұлда халыққа берген Алланың сынағы болар .Осы қатерлі дерттің кезінде адамдар арасындағы мейірміділік пен қайырымдылық оянғандай сезім пайда болды. Осындай бірлесе отырып, «біз біргеміз,біз үйдеміз,сенде бірге бол!»-деген ұран сөздер адамдар арасындағы бір-біріне деген рухани қолдау туғызды.