Ақмола облысы, Бурабай ауданы
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының
ІІ санатты тәрбиешісі
Батталова Асель Жумабаевна
1 Жүргізуші:
— Құрметті ата-аналар, бүгінгі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Қазағымның сақтайық дәстүрлерін!» атты тақырыбындағы тәрбиелік іс-шарамызға қош келдіңіздер! «Рухани жаңғыру — дәуір талабына сай жаңғыру» демекші, біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай — талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. Бүлдіршіндерге ұлтымыздың салт –дәстүрін жанғырту барысынды бүгін күні бесікке салу, шашу, тұсау кесу дәстүрлерін көрсетеміз.
- Слайд.
2 Жүргізуші
- Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыз 5 кезеңнен тұрады.
- Кезең
Сұрақ –жауап:
- Бесіктің маңызы қандай?
2. Бесіктің құрылысын ата?
Жауабы: (Ши, жөргек, құс төсек, жастық, көрпе, жаялық, қолбау, шүмек, түбек)
1.Туғаннан кейін қаңдай ырым жасалады?
Жауабы: (40- нан шығару)
- Бесіктегі бала шошымау үшін не жасалады?
Жауабы: (Аластау)
- Бала туғанан кейін ат қою рәсімі?
Жауабы: Азан шақырылады
- Жүргізуші
Ортаға бесікті жабдығымен қойып жасау, жөргектерін өлеңмен жасау.
- Кезең
Бесікке салу: бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Бесіксіз үйде, береке жоқ» дегендей, жаңа туған баланы бесікке салу халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесік ағаштан, негізінде талдан иіп жасалады. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі таза заттар қойылады. Бесіктің сәби денсаулығына тазалығына пайдасы зор. Бесікке баланы салу жолын үйдегі үлкен әжелерге, апаларға тапсырылады, себебі үлкен адамның балаға жақсы қасиеті дарысын деген жолмен.
Тыштырма: бесікті аластағаннан кейін тыштырма жасап алып, баланы бесікке бөлейді.
III Кезең:
- Жүргізуші
Бесік дайын болған соң, бесікті аластау
Алас, алас, баладан алас
Иесі келді, пәледен көш!
Алас, алас, пәледен алас,
Бесікке салу дәстүрін көрсету.
Әлди, әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем,
Сені әлдилеп отырсам,
Көңілім болар шат бөпем.
Жылама бөпем жылама,
Құртын жаям өренің,
Бесік дайын болған соң, бесікті аластау
Алас, алас, баладан алас
Иесі келді, пәледен көш!
Алас, алас, пәледен алас,
Ән шашу: «Тәй –тәй»
1.Жүргізуші
- Кезең
Тұсау кесу:
Сәбиді аяғын басып жүре бастағанан кейін , тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аяғын ала жіпті тағып жылдам қимылдап жүреді айтады.
(Ақжол, пышақ, ала жіп, домбыра, кітап, қамшы, конфет.)
Өлен шумағын оқиды
Қаз – қаз балам, қаз балам.
Қадам бассаң мәз болам.
Қүрмеуіңді шешкейсің
Тұсауыңды кесейін.
Қаз – қаз, балам, қаз балам
Тұсау кесу рәсімі көрсетіледі.
Ақ жіп қостым – адалдыққа апарсын деп,
Жасыл жіп қостым – ғұмырлы, көсегесі көгерген азамат болсын деп,
Қызыл жіп қостым -қызылға оранған молшылықты болсын деп,
Балапаным, құдай жақсылықтан ажыратпасын
Жақсы ісіңмен бақытқа жет!
Бисмилляһи – ир – рахман – ир – рахмин – деп тұсау кеседі.
Мақалды жалғастыр
- Жаман деп бесікке күлме,………… (Тар деп бар есікке күлме)
- Бесік көрмеген ессіз болып …….. (есікке енеді)
- Ер…….(бесіктен танылады)
- Ауылым…… (алтын бесік)
- Өз елің……… (алтын бесік)
- Төріңде бесік тұрса……..(төре бас иеді)
2 Жүргізуші:
Шашу
- Шебердің қолы ортақ
Ата — аналар жұмыс. Ата-аналар ою ойып, көрпеше жасау жұмыстарын жүргізді.
Қорытындылау.
Құрметті ата-аналар, бүгінгі іс-шарада сіздермен қазақтың әртүрлі салт-дәстүрлерін біліп, соның ішінде «Баланы бесікке салу», «Тұсаукесу» дәстүрлерін есімізге түсірдік. Ендеше, осы салт-дәстүрлерімізді ұмытпайық. Осы тәрбие сағатына алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен – көп рахмет.