Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы,
Жетібай ауылынан
Зейнеткер ұстаз: Боранқұлов Қайырбек Жұмалыұлы
«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға…» деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі күнде де еліміздің ұстаздар қауымы жас ұрпаққа білім беруде-қажымай, талмай үздіксіз білім беру ісін жалғастыруда.
Оқу-білім саласында ғаламтор жетістіктерін пайдалану қазіргі қиын жағдайда өте маңызды болып отыр. Еліміздің Білім және Ғылым министрі Асхат Айтмағанбетовтың ұйғарымымен 6-сәуірден бастап қашықтықтан оқыту және онлайн әдіс-тәсілі тиімді қолданылуда.
Мен өзім ата-ана , зейнеткер ұстаз ретінде білім саласының атқарып жатқан істеріне қай уақытта да көңіл бөліп жүремін.
«Балапан», «Еларна»-дан көрсетіліп жатқан онлайн сабақтарды қараймын. Балалардың білім жолын үздіксіз меңгеріп жатқанына куә болып, қуанышқа бөлендім. Бұл сабақтардың ата-аналарға да өте пайдалы,бір сәтке көңіл бөлсе өзіде оқушы болып, білім әлеміне саяхаттап келеді, ғажайыптармен қызықты мәліметтерді тани, біле алады.
Тарих, қазақ тілі, орыс тілі, математика, геометрия, биология пәндері бойынша өткізілген онлайн сабақтарды көріп-тыңдай келе- білім әлемімен қайтадан жаңа нұсқада қауыштым, жақсы әсер алдым. «Білім алу қашанда, қай жаста болсада шексіз-мүмкін екен» деп толғандым.
Бұл ретте «Мектеп-кеме, білім теңіз» даналық сөзіне –«айдынында жүземіз» деген сөзбен жалғастырғым келді…
Сондай-ақ әйгілі педогог Жан-Жак Руссоның «мұғалім болу:өзгенің баласын аялау, бар уақытыңды аямау» деген сөзін әрбір ізденімпаз мұғалімдеріміз назарында ұстайтынына, бек сенемін.
Қазақ елінің қазіргі таңдағы білімгер ұстаздарын рухани қолдай отырып
«Аяулы ұстазым»
Ән-өлеңімді арнаймын
1.Елімнің ұл-қызы,
Халқымның қызығы.
Өзіңмен өтті ғой,
Ұстаздың қыс-жазы.
Қайырмасы:
Әр үйдің жұлдызы
Жұлдызы құндызы.
Өзіңмен бірге, өзіңмен бірге,
Аяулы ұстазым! (2 рет)
2.Білімнің шыңынан,
Күлімдей тіл қаттың.
Тіл қатсаң күлімдей,
Қуандым- шаттандым.
Бала боп бүгінде,
Қиялдап жүрсің сен.
Арманға қол созған,
Жас ұрпақ аманат!