Home » Мақалалар » Ата-ана алғысы

Ата-ана алғысы

       Әлемді алаңдатып отырған коронавирус індеті біздің елімізді де айналып өтпеді.

Ел көлемі бойынша орын алған пандемиялық ахуалға байланысты күшейтілген шектеулер жағдайында мектеп оқушылары қашықтықтан оқу жағдайына көшті.

Қашықтан оқыту барысында оқушылар мен ұстаздар Kundelik.kz, Bilimland.kz, Daryn.online.kz  және т.б. интернет платформалары мен ресурстары және WhatsApp, Telegram мессенджерлері арқылы жұмыс жасауда. «Балапан», «Ел-арна» телеарналарынан күнделікті сабақтар көрсетіліп, балаларымыз толыққанды білім алуда.

Осы кезде біздер, ата-аналар, ұстаздарға қолдау көрсетуге тырысып жатырмыз. Балаларымызға қолайлы жағдай жасап, оқу үстелі мен техникалық оқу-құралдарын даярлап, қолымыздан келгенше психологиялық көмек берудеміз.

Менің балам Алматы қаласындағы Д. Бабаева атындағы №115 жалпы білім беретін мектептің 9 «Ә» сыныбының оқушысы. Мен осы мектептің әкімшілігіне, мектеп директоры Чорманова Алия Сбанкуловнаға, барлық пән мұғалімдеріне, сынып жетекшісі Байбугаева Бақыткул Әбдікерімқызына аналық алғысымды білдіремін.

Аталған мектептің әр ұстазы күнделікті сабақтарын тыңғылықты дайындықпен өткізгеніне куә болудамыз. Ұстаздың еңбегі –жанқиярлық еңбек екенін біздер — ата-аналар енді түсініп жатырмыз. Қиын кезеңге қарамастан мектеп мұғалімдері оқушыларын қазіргі жағдайға тез бейімдеп алды деп айта аламыз.

Мектеп, ұстаз, оқушы, ата-аналар – бірлескен күш-жігердің арқасында барлық сынақтардан өте аламыз деген сенімдеміз. Біраз күнде балаларымыз ұстаздарымен, мектебімен, достарымен қауышса екен деп тілейміз.

Д. Бабаев атындағы
№115 жалпы білім беретін
мектептің 9 «Ә» сыныбының
ата-аналары атынан
Абламбаева Айгерім Боранбайқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.