Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқыту бізге не берді?

Қашықтықтан оқыту бізге не берді?

Санкибаева Мадина Амангелдиевна

Короновирус індеті әлемді жайлап адамзат өміріне қауіп төндірген сәтте еліміз үшін вирус індетінің таралмауына тосқауыл болу үшін сақтық шаралары жасалғаны мәлім. Осы шаралар білім саласында айналып өткен жоқ.  Оқушылардың барлығы қашықтықтан оқуға көшкен сәтте мұғалімдер үшін ізденіс пен талап еселей күшейе түсті. Қашықтықтан оқыту 4-тоқсанды одан әрі жалғастыру үшін үлкен қарқынмен басталып кетті. Қажетті, ыңғайлы платформалар таңдалды. Мен де өзімнің сыныбым үшін ватсап желісін таңдап алдым, өйткені басқа платформалардың көпшілігі ата-аналар үшін ыңғайсыз болды. Бастауыштың оқушысы алдымен ата-ананың көмегіне мұқтаж, өйткені жоғары сынып оқушыларындай емес, басым көпшілігі ата-ананың смартфонына тәуелді екені айдан анық. Бұл қиын қыстау кезең ата-ана мен мұғалімге бірлікте жұмыс жасаудың нағыз үлгісін көрсетті. Ата-аналар мұғаліммен бірге жұмыстанғанда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынын түсінді. Ал мұғалімдер ше? Мұғалімдер АКТ құзыреттілігін одан әрі меңгере түсті, видеосабақтар жасауды, оқушыларға ыңғайлы үйрету жолдарын меңгеріп білімдерін шыңдай түсті. Оқушыларға не берді? Оқушылар мектепті сағынды, достарымен шүйіркелесіп оқығанға ештеңе жетпесін түсінді. Мұғалімнің әрбәр түсіндірмесіне зейінмен қарауды үйретті. Орташа оқитын оқушылардың белсенділіг артты. Сабақтарын мұқият оқуға дағдыланып жатқандығы байқалады. Түсінбеген тұстарын қысылмай сұрайтын, кері байланыс кезінде ойын ашық айтуға үйренді. Мұғалім біздің де қорқынышымыз сейіліп көңіліміз біршама орнына түсті. Дегенмен мектепте сабақ өткеннің, оқушының өзімен жұмыс жасағанға ештеңе жетпейді.

Әлі-ақ осы өиын қыстау күндер артта қалады, қуана-қуана мектеппен, оқушылармен қауышамыз деп ойлаймын. Бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Бұл қиындықты да еңсереміз, өйткені біз біргеміз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.