Home » Мақалалар » «Бала тәрбиесі – игілікті іс»

«Бала тәрбиесі – игілікті іс»

Мадаутова Зульфира Кайрбековна
Алматы қаласы  Әуезов ауданы
№104 жалпы білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі 

           Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек , отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Еліміздегі төтенше жағдайының таралуының алдын алу мақсатында, елімізде  6-сәуірден бастап барлық орта білім беру ұйымдарын қашықтан оқытуға ауыстыру туралы хабарланғанын білеміз. Осы орайда Алматы қаласы Әуезов ауданының №104 жалпы білім беретін мектебінде 2020 жылдың 2 сәуірі күні республикалық онлайн форматта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс «Қашықтан оқыту қалай жүзеге асады?» тақырыбында өткізілді. Жиналыс барысында айтылған мәселелер: Мектептегі қашықтан оқу үдерісі қалай жүзеге асады? Сабақ жүйесі қандай платформалармен өтіледі? Пандемия кезінде вирустық арулардан сақтанудың жолдары қандай? Төтенше жағдай кезінде балалардың уақытын тиімді өткізуі және қауіпсіздік шаралары қандай? Жиналыста «Қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналарға арналған» жадынама туралы айтылды. Яғни, әрбір ата-ана қашықтықтан оқудағы ата-ананың міндеттері туралы, сабақ басталу уақытында нені ескеру қажеттігін, сабақты өту ережелері мен нұсқаулықтары туралы да айтылды. Ата-аналарға Білім  және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес қашықтықтан оқыту телеарналар арқылы, интернет платформалары, WhatsApp мессенджерлері арқылы жүзеге асатындығы туралы ескертілді.Оқушылардың қашықтан оқыту кезінде әрбір ата-ананың өз баласына жағдай жасау керектігі, қолдау көрсету керектігі сөз болды. Карантин режимінде өрт қауіпсіздігі мен балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу мақсатында қауіпсіздік ережелері туралы жадынама  WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы   барлық ата-аналар  чаттарына, түсінік жұмыстары жүргізілді. Сынып сағаттарында қауіпсіздік шараларын оқушыларға WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы түсіндірілді.

«Қашықтан оқуды бастадық. Әрине, басында қобалжу болғанын жасыра алмаймын.  Қазіргі таңда оқушылардың жіберген ақ тілегі, ата-аналардың ақ жарма ұсынысы мен пікірі ұстаздар қауымын шабыттандырып отыр. Әрине, кез келген жаңа бастамада кедергілер болары сөзсіз. Десе де, ата-ана, ұстаз үштігі бірлесе отырып, ынтымақтастықта жұмыс жасап, кез келген кедергіні бірлесе жеңеміз деген ойдамын»

Қазіргі таңда ата-аналар да өз тараптарынан қолдау көрсетіп, түсіністік танытып, балалардың сабаққа қатысуын, сабаққа деген ынтасын қадағалап отыр. Оқушылар үшін де, мұғалім үшін де алғашқы аптада алаңдаушылық пен үрей басым болды. Арнадан көрсетілетін сабақтың уақытына сәйкестендіре

отырып, сабақ кестесі жасақталды. Білім алудың маңызын түсіне білген ата-аналар бұл жағдайдан да жол тауып, желіге толық қосылып үлгерді. Аз уақыт ішінде ата-аналарының көмегімен оқушылары қашықтықтан білім алуға төселіп кетті. Оқушының білім мен біліктілігінің жоғары болуы, оның ата-анасы, ұстазы мен ортасына байланысты екені бәрімізге белгілі. Осы орайда қашықтықтан білім бере бастағаннан бері, ата-ана мен ұстаз арасында тығыз байланыстың орнағанын аңғарамыз. Сонымен қатар ата-аналар ұстаздың еңбегінің зор екенін айтуда. Міне, баланың білімді болуы, оның қадағаланып отыруынан да болады. Егер де ата-аналар баласының тапсырма орындағанын қарап, мұғалімдермен жақсы қарым-қатынаста болу арқылы баланың деңгейін де біле алады. Себебі, бастауыш сынып оқушылары, соның ішінде 1- сынып оқушылары ата-анасының көмегі барынша мұқтаж болып келеді.

Қашықтықтан оқып қана қоймай, сонымен бірге балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында  мектепішілік байқауларға да ата-аналардың көмегімен қатысып келеміз. Атап айтқанда, Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы. «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты мәнерлеп оқу сайысына Абай атамыздың өлеңдерін жаттап, Жеңіс туралы өлеңдерін де жаттап, ата-аналарының көмегімен бейнебаяндар түсіріп, жолдап отырмыз. Осы тақырыптарға суреттер де салып «Жас суретші»  көркем сурет байқауына да қатысып жатыр. «Қашықтықтан оқыту – бұл керемет!», «Біз үйде болсақ та бәрріміз біргеміз» тақырыптарында суреттер салып, қалалық сурет байқауына қатысуда. Қашықтықтан оқытуда ата-аналардың балалармен қарым-қатынасын жақсарту үшін  «Біз біргеміз, біз үйдеміз» атты бейнебаяндар түрінде ұсынылды.

Әлемді мойындатқан уақытша қиын-қыстау кезеңде жалықпай, мойымай өз балаларын еңбектеніп,оқытып отырған ата-аналарыма алғысым шексіз! Қашықтықтан оқыту барысында бірігіп, ұйымшылдықпен атқарылған жұмыстардың  оң нәтиже беруі де білікті ұстаздарымыздың, ата-аналарымыздың  үлесі екені сөзсіз..

Елімізде болып жатқан жағдайларға түсінушілікпен қарап, ертеңгі болашағымыз үшін үйден шықпай білім алуда  бізбен бірге болыңыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.