Жұмағұлова Гүлдана
№14 мектеп-лицей директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Қызылорда облысы, Арал қаласы
Жетекші мектеп — инновациялық өзгерістердің тиімділігін арттыру кепілі
Еліміздегі білім беру жүйесінің басты мақсаттарының бірі – әрбір балаға оның қызығушылығы, қабілеті мен қажеттілігін ескере отырып, еркін және ашық түрде білім алуына мүмкіндік беру. Осы орайда оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттырумен қатар ақыл-ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіруге де баса назар аударылып келеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында: «Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болшағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп атап көрсеткен еді. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру ел болашағы – жас ұрпақты жаңа инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет. Білім мен тәрбие ажырамас егіз ұғым. Осындай ұстаным негізінде биыл өзінің 110 жылдық мерейтойын атап өтуге жасалынған іс-щаралар жоспары аясындаАрал қаласындағы №14 Жетккші мектеп-лицейі базасында «ТЕDх Talks» форматында аудандық«МЕН МЕКТЕБІММЕН МАҚТАНАМЫН!» тақырыбында 8-10 — сыныптар арасында конференция өткізілді. Оған аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Нұрқожақызы, аудандық білім бөлімінің бас маманы Ғалия Сүйеубайқызы, аудандық Оқушылар үйінің директоры Қанағат Абдіхалыққызы және аудандағы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары келіп қатысып, бүгінгі іс-шараның негізгі ұйытқысы, НЗМ тәжірибесіндегі «Шаңырақ» қоғамдастығының жұмысымен танысты.Конференцияға қатысушы оқушылар көрсетілген ереже бойынша өз мектептері туралы «ТЕDх Talks» форматындақалың көпшілікке қызықты идеяларын жеткізіп, жаңа бастамаларымен бөлісіп, жас ойшылдар ұйымдастырылған түрлі ойындардан шабыт алып, бір-бірімен ынтымақтасып қауымдастық құра білді. Шәкірттер мектеп өміріне жаңа идея беру арқылы оның тыныс тіршілігіне, ішкі әлеміне заманауи өзгерістер мен алдағы уақыттағы жүзеге асыруға болатын жобаларын ұсынды. Сонымен қатар, іс-шара кезінде жебе алған команда қоржындарына ұпайларын салып, қуаныштарымен бөлісті. Конференция барысында ауданның өзге мектептерінен келген ұстаздар мен оқушыларға мектеп-лицейдегі «Шаңырақ» оқушылар қоғамдастығының жоғары және кіші сынып оқушыларынан құралған «Динамит», «Дружба», «Лидер», «Даму», «Білім», «Юные читатели» командалары Назарбаев Зияткерлік мектебінің жобасын жүзеге асыру, оқушылар мен педагогтар арасында біріккен, ынтымақтастық, құрмет, сенім, жауапкершілік, қамқоршылық, көшбасшылық дағдыларды дамытуды қалыптастыру мақсатында «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясы, мектеп-лицей оқушыларына ұсынылған «100 кітап», «TED NIS» клубы, «Қоғамға қызмет ету», «Отбасындағы 10 күн ағылшын тілінде», «Қазақтың әндері», «Флеш моб», «Домбыра Party», «Бонус. nis» бағдарламасы, “Білімнің көзі — кітапта” желілік Book crossing әлеуметтік акциясы, «Көлеңкелі театр» т.б. жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. «Шаңырақ қоғамдастығы» мектеп ахуалы мен өмірін жақсарту, қоғамдық маңызды құндылықтарды қалыптастыру, оқушыларды мектеп өміріне тарту, корпоративтік рухты дамыту, командада жұмыс істей білу дағдысын дамыту мақсатында құрылған. Оқушылар «Шаңырақтың» арнайы жабдықталған бөлігінде үзіліс кезінде кітап оқып, ойларымен бөлісіп, үлкендер өзінің тәжірибесі мен білімін кішілерге жеткізіп, жетекші рөлін атқарады
Конференция жұмысын қорытындылаған аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Нұрқожақызы бүгінгі іс-шараның мазмұнды әрі әсерлі өткендігін, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде жас өрендердің ынта-ықыластарына тәнті болғанын айта келе,осы жұмыстарды ұтымды ұйымдастырған «Шаңырақ» қоғамдастығының жетекшілері Сынаева Әйгерім, Жақсылыкова Әлия, Елеуова Әлия, Жүсіпова Ботакөз, Кариева Гүлжанат, Жайберген Жазираларды аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапаттады.Мектеп-лицейдің 110 жылдық мерейтойын атап өтуге арналған іс-шаралар жоспары аясында осындай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады.