Жарқынай Жұмашқызы
№ 261 С.Лапин атындағы орта мектептің
өзін-өзін өзі тану пәнінің мұғалімі
Қызылорда қаласы
«Мейірім төгетін ана»
Әр адам үшін өз тәні мен жан саулығының қамын ойлау өте маңызды. Жан туралы ойлау және қам жеу қаншалықты қажетті екендігіне балаларды біз сәби шағынан иландыруымыз керек. Бірақ махаббатсыз адам жаны жүдеу. Көпшілігіміз әлі де болса махаббат сөздерінен ұяламыз, бойын билеген сезімді адамдарға, өз жақындарына қалай айту керектігін, қалай жеткізу керектігін білмейді. Біз бұл өмірге сүю және сүйікті болу үшін келетініміз даусыз — деген Сара Алпысқызы биыл 75 жасқа толды. Саналы ғұмырын махабат пен мейірімге арнаған аяулы ана сәбилер үшін аяулы ана болды. Қаншама сәбилерге көмек қолын созып, қайырымдылық жасады. Қаншама жанға мейірімнің не екендігін ұқтырды.
Осындай мейірімді жүректің мерейлі мерекесіне арналған С.Лапин атындағы №261 орта мектебінде 2 020 жылдың 3-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің іс-шаралар кестесіне орай, мектепішілік шаралар өткізілді.
Іс-шараның негізіг мақсаты: Рухани- адамгершілік құндылықтарды негізге алатын ойы, бір жерден шығатын нағыз мінезді адамды тәрбиелеу. Оқырманды кітап оқуға шақыру, зияткерлік және шығармашылық жұмысқа тарту.
04.02.2020 жылы мектеп кітапханасында оқушылардың қатысуымен «Мейірім төгетін ана» тақырыбындағы С.А. Назарбаеваның кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені ұйымдастырушы мектебіміздің кітапхана меңгерушілері Қ.К.Башенова, Н.Б.Ержанова.
Сонымен қатар, бүгінгі өткізіліп отырған көрмеге қатысушыларға мектебіміздің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ж. Жұмашқызы үлгілі жар, аяулы ана, Бөбек қорының негізін салушы С.Алпысқызының өмірі мен шығармашылығы туралы таныстыра отырып, бірнеше кітаптарын атап көрсетсе, жас оқырандар мейірімді ананы мерей тойымен құттықтап жыр шумақтарын арнады.
Расменде жас буынға өзін-өзі тану пәнінің берері мол. Жас кезінен жүректерін мейірім мен махаббатқа толтырып өскен балалар өскенде елі үшін де ата-ана үшінде салиқалы ұрпақ болары анық.