ДосамановаЭльмира Мұратбекқызы
Нұр-Сұлтан қаласындағы
№25 орта мектеп КММ-нің
Педагог-дефектологы
Мектепте инклюзивті білім берудегі дефектологтың рөлі
Халқымыздың мындай керемет сөзі бар «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» — деген өскелең жас ұрпақ біздің болашағамыз. Бұл жас ұрпақтың ішінде қарапайым балалар да, ерекше оқытуды қажет ететін балалар да бар. Ендеше бұл балаларды бөліп жармай, бәріне бір көзқараспен қарап, олардың болашағына жол ашуға көмектесуіміз керек. Әр бір істің бір қайыры бар демекші бұны жеңіл деп те айта алмаймын. Бірақ бір сәт болсын ерекше қажеттілігі бар балалардың орнында болып көрейікші, өте ауыр және тіпті елестетуде қорқынышты болса, оларға бізденде бекер ауыр. Сондықтан, ерекше қажеттрілігі бар балаларға жәрдемдесіп қол ұшын созып біздің аянбай еңбектенуіміз керек. Сәлде болсын біз шын ниетпен үйреткен дүниеміздің бір бұрышы, көмектесіп нәтиже шығарып жатырса бізге солда жетіп артылады.
Қазіргі уақытта ерекше оқытуды қажет ететін балалармен жұмыс жасау біз үшін өзекті мәселе инклюзивтік білім беру болып табылады. Инклюзивтік білім ерекше оқытуды қажет ететін балаға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік бере отырып өмірге деген дұрыс көзқарасын артады. Инклюзивті білім беру системасының өзі инклюзивтік қоғамның дамуының тиімді механизмі болып табылады. Инклюзивті білім беру системасын дамыта отырып, біз инклюзивті білім беру арқылы әрбір адам үшін қоғамды дамытуға үлес қоса отырып, жол ашамыз деген ойдамын.Инклюзивті білім ерекше балаларға балабақша, мектеп, институт, мектепке дейінгі және мектеп өміріне толық көлемде қатысуына мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру ерекше оқытуды қажет ететін балаларды қарапайым адамдармен тең қарым қатынаста болуға , тең құқылыққа жетілдіруге ие..
Инклюзивті білім беру жүйесінің мақсаты:
- Толық білім алуды ұйымдастыру
- Қоршаған ортаға бейімдеу
- Дені сау балалармен тең ұстау
- Өз-өзіне сенімін арттыру және т.б.
Оның жүзеге асу жолдары:
- Инклюзивті және коррекциялық сыныптар
- Техникалық құралдар мен жабдықтар
- Педагогикалық-психологиялық консилиум
- Дефектолог жұмысы (сурдопедагогика,тифлопедагогика,олигофренопедагогика және логопедия)
- Оқушылардың аңғарымпаздығына
- Сабақ үстінде, сыныпта тыныштықты орнату барысында қаталдық танытуға
- Жаттығулармен, соның ішінде өз ойын еркін жеткізуге ,суреттеуге,
қатемен жұмыс, оқу дәптерлерімен жұмыс жасау және логикалық ойлау басқа тапсырмаларды жасауға
- Оқушыларды «қабілеттілік пен мүмкіндіктеріне» байланысты топқа бөлуге
- Ынталандырушы әдістемесін жиі қолдануға
- Стандарттық тестілеуге жол бермеу қажет
Ерекше оқытуды қажет ететін балаларды оқытуда жалпы білім беретін мектептегі дефектологтың атқаратын рөлі туралы айта кететін болсақ, педагог-дефектологтың көмегі өте маңызды. Педагог-дефектолог пәндік материалдарды меңгерту үшін түзете-дамыту сабақтарын өткізеді, оқу материалын алдын –ала меңгеруді қадағалайды.
Дефектологтың мақсаты:
- Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға уақытылы көмек көрсету.
- Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін дамыту, қоршаған орта құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру.
- Көмек берудің әдістерімен түрлерін қолдануы жайында
- ата-аналармен байланыста болу.
Міндеті:
1.Ерекше оқытуды қажет ететін балаларды оқыту,тәрбиелеу, түзеу жөніндегі шешімдерді жас ерекшелігіне байланысты қолдану.
- Ерекше балаларға ерте коррекциялық көмек көрсету.
Күтілетін нәтиже:
1.Психофизиологиялық мүмкіндігі дамиды.
2.Оқудағы қиындықтары жойылады, өз ойларын жеткізе алады.
3.Әлеуметтік –адамгершілік қасиеттері дами отырып өмірге деген құштарлығы артады.
Балалардың барлығда бірдей бақытты болуға тиіс тең дәрежеде шамасы жеткенше және білім алуы тиіс. Инклюзивті білім беру ерекше оқытуды қажет ететін балаларға қоршаған орта мен жалпы қоғам алдында бірдей ел қатарлы өмір сүруі үшін тең құқылы болуға қолдау көрсетеді. Мектеп тек білім беру қызметін ғана атқармай, бала өмірінде тәрбие берудің де негізгі саласы болып табылуы тиіс. Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың әлеуметтік-тұрмыстық өмірге сүруге деген құлшынысын толық қалыптастыруға ат салысуымыз керек. Жалпы білім беретін мектепте ерекше оқытуды қажет ететін балаларға қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Қазақта аталы сөз бар «Балаң аяулы болсын десең, өзін аяма» — деген. Бұдан не ұғамыз ерекше қажеттілігі бар балаларды қарапайым балалар мен тең көру үшін бірдей тапсырма ,бірдей тәрбие беруіміз қажет .Балаға аяушылық факторы керек емес, біз үшін балалардың барлығы бірдей. Барлық балаларға ең басытысы адамгершілік, өмір сүруге деген құштарлық, қоршаған ортаны сүю, өзін бағалау, адамдарға өшпенділікпен емес, махаббатпен қарап, жатырқамай тіл табыса алуға үйретуіміз керек. Басқа дені сау балалар қол жеткізе алатын мүмкіндік ерекше оқытуды қажет ететін балалардың да қолынан келетінін баса түсіндіруіміз қажет. Ал осы жағдайларды басты назарға алып, түзету көмегін беретін ұстаз ол педагог-дефектолог жалпы білім беретін мектептің педагогтарына нұсқаушы болуы керек. Инклюзивті білім беру барлық балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім беру үрдісінің дамуы. Сондықтан да педагог-дефектолог ерекше оқытуды қажет ететін балалардың қалыптасуын, өз бетімен өмір сүруіне бағыт-бағдар беруі керек. Алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайтын диагностикалық сараптама тесттер арқылы ойынның, қиялы мен зейінінің тұрақтылығын анықтау қажет. Ол үшін жалпы білім беретін мектептер ПМПК қорытындысы бойынша көрсетілген, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген, бағдарламамен тәрбиелеуі және оқытуы тиіс. Жалпы білім беретін мектептер, сол мектептің арнайы педагогтары оқытатын білімі мен тәрбие үрдісі ерекше оқытуды қажет ететін балалар үшін «Өмірлік орнын толтырудың» тәрбие институты болуы қажет.
Оны оқуға, жазуға, есепке, еңбектенуге, мәдени тәртіп ережелерін үйреніп, әртүрлі әрекетке икемділігін қалыптастыру маңызды болып саналады. Әрбір педагог болсын ата-ана болсын жалпы адамзат ерекше оқытуды қажет ететін балаларға көмектесіп, олардың өмірде өз орнын табуға жағдай жасауы керек. Бұл балалар үшін білім мазмұнын дидактикалық ойындар, түрлі көрнекі құралдар арқылы қалыптастыру өте маңызды болып саналады. Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімінің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да ойын әрекеті болып саналады.Қазірдің өзінде ойнның түр –түрі бар атақты Мария Монтессоридің де Интеллектуалдық ойындар да,кюизенер таяқшалары да т.б. қай ғалымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде:»Ойын баланың жетекші әрекеті» деген сипаттама береді, өйткені ойын арқылы баланы ақыл-ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытатыны сөзсіз баланың ойын ашық жеткізіп, өсіп жетілуіне септігін тигізеді.Баланың ақыл –ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында компьютерлік сауаттылыққа баулу-бүгінгі күннің талабы. Соған сәйкес түрлі комьпютерлік ойындар бар. Бірақ мені мазалайтын бір ой бар, ол шетелдік ойындардан көрі өзіміздің этнопедгогикамызды жаңғыртсақ екен деген ой мазалайды. Себебі біздің де қазақи әдемі дамытушы ойындар мен ойыншықтар ұйымдастыруымызға болады. Ешкімге ұқсамайтын көшірмесі жоқ таза өзіміздің салт-дәстүрімізге сай зияны жоқ пайдасы көп ойындар мен ойыншықтарымыз шықса екен деймін. Ерекше оқытуды қажет ететін балалармен арнайы ұйымдастырылған ойын түрлері мен оқу кітаптары көбейіп жатыр. Балалардың сөйлеу, ойлау, ойнау деңгейінің қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Қорыта келе болашағымыздың жас ұрпағы дені сау болса, елімізге де отбасымызға да зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Қазақ елінде, болашағы жарқын өркениетті қоғам құру үшін дені сау,тәрбиелі ұрпағымызды көп болып, жұп болып, жұрт болып тәрбиелеуіміз керек.