Home » Жаңалықтар » Білім алушыларды рефлективті ойлауға үйрету

Білім алушыларды рефлективті ойлауға үйрету

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы,
№203 жалпы білім беретін мектебінде “Білім алушыларды рефлективті ойлауға үйрету” тақырыбында тәжірибе бөлісу мақсатында қалалық семинар өтті.
Семинар музыка пәнінің мұғалімі Оханов Бекзат Нарбекұлының күмбірлеген күйімен ашылды.
    

“Білім алушыларды рефлективті ойлауға үйрету” тақырыбында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Алматы қаласы бойынша КДИ «Педагогика және әдістеме» кафедрасының аға оқытушысы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Жартынова Жанар Алибековна семинар қатысушыларына өз баяндамасын оқыды. Сонымен қатар Жанар Алибековна “Функционалдық сауаттылықтың маңызы мен рөлі”, “Білім алушылардың білім жетістігіне мониторинг жүргізу қағидалары”, “PISA-2025 циклына жаңадан енгізілген өзгерістер. Олардың мазмұны мен маңызы” туралы педагогтар қауымына түсіндірме жасап, білгенімен бөлісті.
Бұл ақпараттардың ұстаздар үшін құнды болғаны анық.
    

№203 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдері Керимова Гулямшахан Усенжановна мен Шаймаханов Бауыржан Кадырович «Жасанды интеллект — білім беру тиімділігін арттырудың құралы» тақырыбында озық ойларын орталаға салып, даму заманындағы жасанды интеллекттің пайдасы туралы айтты.
«Білім беру үрдісіне жасанды интеллект бағдарламасын енгізу кезеңдері” тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Атежанова Айгуль Камаровна, математика пәнінің мұғалімі — Қалиева Баян Чапаевна, қазақ тілі пәнінің мұғалімі — Жұмабекова Қымбат Жомартқызы презентация жасап, шебер сабақ көрсетті.
     

Семинарға қатысушылар білім қоржындарын пайдалы ақпараттармен толтырып, өзгеше семинардың қатысушы болды. Қатысушылар №203 жалпы білім беретін мектеп ұжымына өз алғыстарын айтып, бірге естелік суретке түсіп, семинар көңілді нотада аяқталды.

Бүгінгі семинарды ұйымдастыруға ұйытқы болған №203 жалпы білім беретін мектептің директоры
Дайрбаева Расима Султаналиевна ханымға, мектеп ұжымына және мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Гаражаева Акынкыз Шамиловна алғысымызды айтамыз.

Мектеп – меңгерілген білімді өмірде қолдануға дағдыландыратын шеберхана. «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» деп Абай айтқандай, арманның көкжиегіне көз тігіп, мақсатты айқындау мүмкіндігі..
Қорыта айтқанда, мектеп – бал балалық естелігі, есею баспалдағы, білім мен тәрбие бесігі. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуында білім мен инновацияны ұштастыра білген ұжымның алдағы істеріне сәттілік тілейміз!

BILIM AINASY
Алмыты қаласы
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.