Home » Мақалалар » Мұғаліммен оқушының қарым-қатынасын жақсартуда психологиялық қызметтегі түзету-дамытудың тиімді жолдары

Мұғаліммен оқушының қарым-қатынасын жақсартуда психологиялық қызметтегі түзету-дамытудың тиімді жолдары

 
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖЕТІСУ АУДАНЫ
№102 ЖББМ КММ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГЫ
БЕЛЕК АЙНУР ШОМШЕКБАЙҚЫЗЫ
Психологиялық тренинг

«Тәрбиеші тәрбиеленушіге байқап білудің нысаны ретінде емес, тәрбие берудің нысаны ретінде қарау керек»
А.С. Макаренко

 Мақсаты: Мұғалім бойында балаға деген жағымды – эмоционалды қатынасын дамыту, психологиялық біріктіру.
Қатысушылар: Мұғалімдер мен оқушылар
Құрал-жабдықтар: түрлі-түсті фигуралар, интерактивті тақталар, маркерлер, ақ парақтар
Тренинг барысы
1.Кіріспе сөз
Мектеп өміріндегі мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонмен бірге оларды тәрбиелейді. Дұрыс тәрбие – балаға өмір бойы азық. Оларға ынтымағы жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда, олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. XXI ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Қазақстан Республикасының қазіргі білім жүйесінің мақсаты – жоғары білімді бәсекеге қабілеті мол, шығармашылық тұлға тәрбиелеу.
Ол үшін оларды ұстамдылыққа, сенімділікке, мінез-құлықты түзетуге, өзіне сынмен қарай білуге тәрбиелеу керек. Қазіргі қоғамда қарым-қатынас сауаттылығы маңызды сипат алып отыр. Күнен-күнге қарым-қатынас пен өмір, ойын тәрізді қарастырылады. Осыған орай біз ойын жаттығулар, тренингтер арқылы өз-өзін тануға, қиял шығармашылық қабілетті дамытуға, көңіл-күй көтеруге, сезім мен эмоцияны реттеуге үйренеміз.
2.Танысу.
Нұсқау: Жұмысымызды таныстықтан бастаймыз. Әркім өз есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын өзінің 3 қасиетін және өз есімін жазып айтып шығады.
Қорытындылау:

  1. Педагогикалық ұжымдағы мандала (Метафора ойыны)

Ойланып көрелікші!
Бір -бірімізге дұрыс сөйлеп, қажетті деңгейде көңіл бөлеміз бе?
Ойын мақсаты: психологиялық біріктіру және басқа жанның бірегей сұлулығын ашу.
Нұсқау. Сіздерге әртүрлі түсті фигуралар таратылады. Сізге қайсысы ұнайды, соны таңдаңыз. Егер ойыңызды өзгерткіңіз келсе, екінші рет алмастыруға болады. Кез-келген қаламсаппен өзіңіз қалаған суретті салыңыз. Ол қандайда бір өсімдік немесе табиғат, ағаштар, гүлдер, аспан, құстар, сізге жақын тағы басқа нәрселер болуы мүмкін.
Суретті салыңыз! Өзіңізге ұнады ма? Бұл суретте сіздің жаныңыздың бір бөлшегі қалғандай әсерде шығарсыз. Жаныңыздың қай бөлшегі екенін, нені көрсетіп жатқанын ойлаңыз.
Ал, енді келесі әрекетке қолдануға дайындаңыз.
Осы уақыт аралығында маңдала түрдегі таңдалған әртүрлі фигура мен түстерді кезектестіре отырып композиция жасаймыз. Қандай әдемі, кемпірқосақ   секілді. Мұнда аққу, жұлдыздар, қайыңдар, жарқыраған күндер. Қандай ғажайып! Бұл суретті сағаттап көруге болады.
Ертеде адамдар гүл мен жұлдызды мандала деп атаған, ол адам жан дүниесінің орталығы, тұңғиығы секілді. Сондықтан да, мандала мешітте, киімде, ыдыста, архитектурада жиі кездеседі. XXI ғасырдың атақты австриялық психологы Карл Юнг мандала құпиясын ашқан. Мандаланы пайымдау, оны салу немесе басқаша іске асыру, адам жанын рухани жетілдіруге, үйлесімділікке, денсаулыққа әкелетінін ашқан.
Біздің мандаламыз – бұл ұжымның жан дүниесі, онда әрқайсымыздың жанымыздың бір бөлігі бар. Әрқайсының композицияда өз орны мен мәні бар. Мұнда қаншама әр түрлі элементтер бар. Аялы көзбен өз бөлігіңізді табыңыз. Бұдан біз бір-бірімізге қаншалықты бірге жақын екенімізді байқауға болады. Жұмыста әлде біреуге ауыр тисе, жанындағыларғада ауыр тиеді немесе керісінше қуанышта нұрын шашары сөзсіз. Шеңбер қимылы, спирал сияқты барлық нәрсе сол орынға, сол адамға қайтып оралуы мүмкін, өйткені ол заңдылық. Міне, осындай таңғажайып бейне пайда болды.
Түстерге сипаттамалар жасау
Ауа көк – бұл түс ішкі жан дүниеңізбен сыртқы жағдайды бірдей болуына ұмтылудан туындаған ұнамды таңдау. Бұл түс бауырмалықтың, сенімділіктің белгісі. Жолы болмаса тез тұңғиығына батады.
Жасыл – өзгерісті қаламайтын, тұрақтылықтың, өзіне-өзі сенімділіктің белгісі. Тік мінезді, өз шешімін, айтқанын орындатуға құмар. Өзгелердің талап қойғышына шыдай алмайды.
Қызыл – бұл түс өмірлік тың күшті білдіреді және ылғи алға ұмтылып жетістікке жетуге тырысады.
Сары түс – қөңіл-күйінің жоғарлауына, адамның өзін еркін сезінуіне ықпал тигізеді. Бұл түсті қалағандар адамдар еркіндікті жаны сүйеді.
Қоңыр түс – сары мен қызылдың қосындысы – яғни бұл бейғамдықтың белгісі. Демалып тынығуға қажеттілігі мол.
Қара түс – өмірге риза болмайтындар
Күлгін түс – өмірлік тың күшті білдіретін, әрі тоқ көк – адалдық пен шыншылдықты білдіретін екі түстің қосындысы болып табылады.
Өзгелер ықпалына тез беріледі.
3.«Интонация» жаттығуы
Мақсаты: Мұғалімдердің коммуникативтік мүмкіндіктерін шеберін кеңейту, оқушымен жағымды қатынас орнату.

  • Топтың әрбір мүшесі оқушыға арнап бір мадақтау сөз тіркесін айтуы керек.

Мысалы: «ЖАРАЙСЫҢ! Сенде барлығы дұрыс! Бұл сөздерді қатысушы бет әлпетін және интонациясын әр түрлі етіп кемінде 5 рет қайталау керек.
Қорытынды: Педагог өзінің іс-әрекетіне сыни көзқараспен қарауды үйрене отырып, коммуникативті мүмкіндіктерін кеңейте түседі.

  1. «Менің ең қиын оқушым» жаттығуы

Мақсаты: Мұғалім бойында балаға деген жағымды – эмоционалды қатынасын дамыту, қиын балалар мен қарым-қатынаста тәжірибе алмасу.
Әрбір қатысушы бір қиын оқушы жайлы оның түр әлпетін, өзін сабақта қалай ұстайтындығын көз алдарыңызға елестетіңіз де, ол сабаққа дайындықсыз келді: Сіз балаға «екі» қойдыңыз. Бұл сөз тіркесін айтуда өз сөздеріңізді, интонацияларыңыздың мәнерін қолдануға болады. Психолог: Мұғалім оқушыға негативті баға қойған кезде жағымсыз әрекетте, мұғаліммен бала қарым-қатынасы алшақтайды. Анық, сол себептен оқушы жақсырақ оқуға мүмкіндігі барына сенім білдіруі керек. Негативті бағаны тағыда қандай сөздер мен айтуға болады?
Мысалы: «Өте өкінішті Анар бүгін саған нашар баға қоюға тура келіп тұр, сен өте қабілеттті қызсың, жақын күндерде өзіңнің екіңді жөндейтіндігіңе сенемін», – деп, ал позитивті бағаланғанда баланың жетістіктеріне психологиялық қолдау қажет.
Мысалы: «Жарайсың, бүгін сені «5» деп бағалаймын, ары қарай осылай оқуды жалғастыра бер.
– Әр уақытта өзімізді де оқушы орнына қоя білуіміз керек.

  1. Сергіту сәті «Мимиканың тілін түсінесіз бе?»
    – Алдарыңыздағы адамдардың эмоциялдық күйінің 6 түрі түр салынып көрсетілген оларды анықтауға тырысыңыз.
    Қорытынды:

Егер сіз берілген күйдің көбірек бөлігін анықтасаңыз, онда адамның түрінен оның қандай жағдайда, күйде екенін білу сіз үшін қиын емес.
Ал, нәтиже дұрыс болмаса, бұл сұраққа сізге ерекше зейін көңіл аудару керек.
Қорытынды: «Жүректер сөйлейді» ойыны.
Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар! Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан бітіреміз. Бізге ол үшін кішкене жүрекшелер керек. Ол біздің топтың жүрегі. Алдарыңыздағы жүрекшелерге бүгінгі тренинг немесе ұжымға тілек жазып жүректі тірілтеміз.
«Біле бер қанша білсең – тағы тіле, Жетерсің мақсатыңа білі-біле» Ж. Баласағұн айтқан нақыл сөзімен аяқтаймын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.