Ахметова Насихат Канатовна,
Павлодар облысы
Павлодар қаласы
№50 сәбилер бақшасының тәрбиешісі.
«Сәнқой қуыршақ» сән қойылымы, қуыршақтар шеруі
(Тәрбие сағаты)
Ұзақтығы: 25 минут
Қатысушы топтар: 2 сәбилер «А», «Ә», «Б»
Өтетін орны: Ән-күй бөлмесі
Мақсаты: Сәбилерді қуыршақпен дұрыс ойнауға баулу, баланың бойында адамгершілік қасиеттер мен мейірім, өзгеге деген қамқорлық, жанашырлық сезімдерін ояту. Оларды ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Үстел үстіне қойылған түрлі қуыршақтар: Барбий, Маша, сәби қуыршақтар, тақта, суреттер, бояулар, көңілді музыка.
Жоспар: І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа тақырыппен таныстыру.
ІІІ.Меңгерту.
ІV.Бекіту.
- Бағалау.
Сабақтың барысы:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
- Сәлеметсіз бе?
- Балалар, бүгін біз сендермен қуыршақтар әлеміне саяхатқа барамыз. Балалар айтыңдаршы, «Сәнқой қуыршақтар» әлемінде кімдер болады?
- Қуыршақтар
- Олар кімдерге ұқсайды?
- Кішкентай қыздарға.
- Олармен кімдер ойнайды?
- Қыздар ойнайды.
- Ұлдар қуыршақпен ойнай ма?
- Жооқ.
- Жақсы.
- Олардың есімдері бола ма?
- Болады.
- Ал, білсеңдер, айта қойыңдаршы.
- Маша, Барбий, Винкс, т.т…
- Мариям, сен қуыршағыңа қандай ат қойдың?
- Аиша.
- Сен ше, Самал?
- Динара.
- Тамаша.
- Енді, қуыршақтар еліне саяхат жасауға дайынсыңдар ма?
- Дайынбыз!
- Олай болса, ең алдымен қандай көлікке отырғанымыз дұрыс?
- Поезд.
- Жақсы, барлығымыз поезға отырып, «Сәнқой қуыршақтар еліне» саяхатқа аттанамыз. Балалар көлікте отырғанда қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Сондықтан, аяқтарымызды жинап, қолымызды алдымызға қойып, тыныш отырамыз. Сақтандыру белдеулерін де иығымызға іліп алайық. Саяхатымыз қызықты болуы үшін көзімізді жұмып, әдемі, сәнқой қуыршақтарды көз алдымызға елестетейік.
- Бірінші аялдама: «Биші қуыршақтар» аялдамасы. Көзімізді ашып, сахнаға қараймыз. (Сахнаға сәнді киінген 10 қыз бірінің соңынан бірі тізіліп, қолдарына қуыршақтарын ұстап, көңілді музыка ырғағымен билеп шығады. Бір рет шеңбермен жүріп өтеді де, қатар түзіп, тұра қалады. Қуыршақтарын жерге қойып, өздері қуыршақтың қимылдарын жасайды. Әуен аяқталғанда түрлі қимылдар жасап тұрған қалпы тұрып қалады).
- Қане, балалар, кім айтады, бұлар кімдер?
- Биші қуыршақтар.
- Дұрыс!
- Сендерге олардың билері ұнады ма?
- Ұнады.
- Жақсы. Саяхатымызды бұдан ары қандай көлікке отырып жалғастырғыларың келеді?
- Машинаға.
- Керемет! Олай болса, бізді машина тосып тұр. Отырыңдар. (Машинаның дауысы шығады). Балалар, қауіпсіздік шараларын ұмытпаймыз. Сақтандыру белдеулерін де иығымызға іліп алайық. Көзімізді жұмып, көзалдымызға сәнді, сұлу қуыршақтарды елестетеміз. (Машинаның дауысы естіліп тұрады). Енді көздеріңді ашыңдар. Біз «Жақсы. Жаман» деп аталатын аялдамаға келдік.
- Балалар, жалпы, қуыршақпен қалай ойнау керек?
- Ұқыпты.
- Дұрыс. Енді сахнаға назар салыңдар.
- Сахнада кімдерді көрдіңдер?
- Кішкентай қыздарды.
- Олар не істеп отыр?
- Ойнап отыр.
- Олардың есімдерін білесіңдер ме?
- Ия.
- Олардың оң жақтағысы – Әсем, сол жақтағысы – Зарина.
- Өте жақсы. Енді сендер олардың өз қуыршақтарымен қалай ойнайтындарын жақсылап бақылаңдар, жарайма? (Ортада екі қыз қуыршақтарымен ойнап отырады. Бірі: қуыршағының шашын тарап, шашбауын байлайды. Беті-қолын сүртеді, еш жерін ауыртпай, бесікке бөлеп, көрпесін жабады. Екіншісі: қуыршағының шашындағы қыстырғыштарын жұлып алып тастайды, киімдерін шешіп, лақтырады. Қуыршақтың басына құм төгеді, қол-аяғын жұлып тастайды).
- Балалар айтыңдаршы, сендерге қуыршақпен ойнаған осы екі қыздың қайсысы ұнады?
- Әсем.
- Неге Әсем?
- Ол қуыршақпен ұқыпты ойнады. Оған жақсы күтім жасайды, таза ұстайды, ренжітпейді.
- Ал, Зарина ше?
- Ол қуыршағын қатты ренжітті.
- Ал, сендер, өз қуыршақтарыңмен қалай ойнайсыңдар? Әсем сияқты ма, әлде Зарина сияқты ма?
- Әсем сияқты.
- Жарайсыңдар!
- Балалар, келесі «Суретші қуыршақтар» аялдамасына немен барсақ болады?
- Ұшақпен барайық!
- Жақсы. Отырыңдар. (Ұшақтың дыбысы шығып тұрады).
- Балақайлар, қараңдар, біз «Суретші қуыршақтар» аялдамасына да жақындап қалдық. Қонақта өзімізді қалай ұстаймыз?
- Тәртіпті.
- Өте жақсы. Міне, көлігіміз де соңғы аялдамаға қонды. Қане, енді ұшақтан түсіп, «Суретші қуыршақтардың» салған суреттерін тамашалайық.
Ортада 3 тақта қойылған. Онда 3 қыз қуыршақтардың суретін бояп тұрады.
- Балалар, суретші қуыршақтар жұмыстарын аяқтағанша, біз өнерпаз балалардың өнерлерін тамашаласақ қайтеді?
- Иә, тамашалайық!
(Ортаға әнші, биші балақайлар шығып, өнерлерін көрсетеді. Балалар қол соғып, қошемет жасайды. Бұл кезде суреттерін бояп болған суретші қыздар әдемі басып, екі жаққа кетеді).
- Балалар, сендерге қай сурет ұнады?
- 1-ші, 2-ші, 3-ші.
- Керемет! Талғамдарың қандай жақсы еді! Олай болса, біз оларға алғысымызды айтып, сыйлықтарымызды тарту етейік.
(Ортаға қойылымға қатысқан балалар қолдарына қуыршақ, шарларын ұстап шығып, ән айтады. Белсенді қатысушыларға арнайы дайындалған балалар конвертке салынған қуыршақтар бейнеленген жапсырмаларды сыйға тартады. Көрермен сәбилер мәз-мейрам болып, қол соғады. ).
- Ал, балалар, біздің бүгінгі «Сәнқой қуыршақтар» әлеміне жасаған саяхатымыз мәресіне жетті. Біз қандай аялдамаларда болдық?
- «Биші қуыршақтар»
- «Жақсы. Жаман»
- «Суретші қуыршақтар» аялдамасында болдық.
- Тамаша!
- Енді ұшаққа отырып, өз бақшамызға оралайық. Келісесіңдер ме?
- Иә!
- Балалар ұшаққа қайта отырады. (Ұшақтың дауысы естіліп тұрады).
- Балалар, көздеріңді ашыңдар, біз өз бақшамызға келдік.
- Балалар, қанекей, айта айта қойыңдаршы, бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма?
- Ұнады.
- Біз сендермен қандай көліктерге міндік?
- Поезд
- Машина
- Ұшақ.
- Тамаша.
- Ал, қуыршақпен қалай ойнау керек екендігін үйрендік пе?
- Үйрендік.
- Қалай ойнау керек екен?
- Ұқыпты.
- Жарайсыңдар!
- Бұдан былай, қуыршаққа күтім жасауды естеріңде сақтайсыңдар ма?
- Иә!
- Олай болса,осымен, сабағымыз да аяқталды. Сау-сәлеметте болыңдар!
- Сау болыңыз!