Home » Мақалалар » Робототехника – білім беру ісіндегі басты бағыт

Робототехника – білім беру ісіндегі басты бағыт


ӘОЖ 371.314.
Жангирова Балсұлу Изтелеуовна
Махамбет Өтемісов атындағы
Батыс
Қазақстан университеті
физика педагогтерін даярлау мамандығының
1-курс магистранты

Біз бүгін баршамыздың өмірімізді де, жұмысымызды да, күнделікті қарым-қатынасымызды да түбегейлі өзгертетін алапат индустриялық революцияның бастауында тұрмыз. Бұл төртінші революция ауқымы, қарымы мен күрделілігі революция жағынанда осы уақытқа дейінгі адамзат тарихындағы құбылыстардың барлығынан асып түседі.
Клаус Шваб осындай алапат өзгерістердің әлеуетін алдын ала болжап, терең байыптап, оны адамзат игілігіне жарату жолдарын қарастыратын «Төртінші индустриялық революция»  атты еңбегінде  «Жасанды интеллектінің, роботтандырудың, робот-автомобильдердің, 3D басып шығарудың, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен және тағыда толып жатқан ғажайыптардың пайда болуымен барлық салада қарыштап көкке өрлейтін, таңғаларлық технологиялық дүмпуге куә болмақпыз. Бұл жаңалықтардың көпшілігі енді ғана «бүр жарып» жатқанмен, қалай болғандада, олар өзара әрекеттісіп, бірін-бірі қуаттандырып, физика, биология мен цифрлық технология бір діңге сабақтасып, өріле келе, қуатты күшке дүмпу жасайтын ғаламат күшке ие» деп жазған [2].
Ал педагогика ғылымдарының кандидаты, М.Г. Ершов өз зерттеу еңбегінде «Роботтехникасы физика курсының зерттеу пәні ретінде бірқатар мысалдар келтіре отырып: Робототехниканы физика курсында оқытудың ерекшеліктері, робототехниканың кибернетикалық моделінің деңгейлік құрылымын ашты. Бұл авторға роботтық жүйелерді зерттеуге арналған физика курсының академиялық тақырыптарын анықтауға мүмкіндік берді [3].
Еліміздің қазіргі таңдағы маңызды стратегиялық бағыттарының бірі-білікті мамандарды қажет ететін индустрияны дамыту. Бұл стратегияны жүзеге асырудың бастамасы ретінде білікті мамандарды дайындау мақсатында білім беру орындары, яғни мектептерде мұғалімдер мен оқушыларды осы салаға бейімдеп, робототехниканың қыр сырын терең оқытып, оқушылар білімін заман талабына сай шыңдаумен айналысуда. Қазақстандағы робототехника өте жас болғандықтан, айтарлықтай жетістіктерге әлі жетпедік.  Мектептерде үйірмелер ашылып, оқушылар робототехника саласымен танысуда.
Бүгінгі күні оқушылардың роботехника курсына көзқарасы, басқа пәндермен интерграциясы, экологияны тазартуда роботтардың көмегі сұрақтары аясында сауалнама жүргізілген болатын.
«Қазіргі мектеп курсында өткізіліп жатырған робототехника курсының оқытылуы сізді қанағаттандырады ма?»- деген сауалға 70% респондент оң пікір білдірсе, 25%-ы қанағаттанбайтындығы туралы, 5%-ы робототехника курсын оқымағанын айтты.
Көпшілігі робототехника мен физика пәнінің арасында байланыс барын,  ал сауалнамаға қатынасқан 100 адамнан 80-і робототехникасымен жұмыстану үшін физикадан алған білімді тереңдету қажет деп ойлайды.
Ашық сұрақтарға «робототехника мен физика пәнінен алған білімді пайдаланып, экологияны тазартуға пайдасын тигізетін құрылғылар жасауға болады»,  «қоршаған ортаны  таза ұстау үшін, қалдықтарды қайта өңдеу үшін робот жасаудың көмегі бар» деген пікірлер білдірілді.
Сауалнаманы қорытындысын талдай келе, робототехника өте жас ғылым саласы екендігіне байланысты сауалнамаға қатысушылардың аз пайызы әлі де таныс еместігін көрсетеді. Дегенмен, робототехниканың басқа пәндермен,  соның ішінде физика және экологиямен байланысы бойынша білімдерін тереңдеткісі келетіндігі қуантады. Бұл өз кезегінде робототехника, физика, экология пәндерінің интерграциясын қалай жүзеге асыру  қажет екендігін зерттеуге түрткі болады.
Мектепте робототехникаға қызығатын оқушылар роботтың құрылысымен, жұмысымен, қолдануымен айналысады. Біз жоғарыда баяндалған физика-экология-робототехника арасындағы пәндік  интеграция ғылыми зерттеуді қажет етіп отыр. Ол бағдарламалау, дизайнерлік білім, физика мен математиканы, экология мен биологияны жетік меңгеру талап етеді. Өйткені оқушылар әр түрлі пішіндегі роботтарды құрастыру кезінде-ақ оның өмірде қаншалықты қажет екенін түсіне бастайды. Мәселен, робот қандайда бір істі өз бетімен тындыру үшін оған әуелі нақты дұрыс жазылған алгоритм және қандай қызмет атқаратынын нақты білу қажет. Ал, роботтың дұрыс қозғалуына физикалық білім керек. Осындай ғылым салаларының есептерін шешіп, өзі қалаған нәтижеге қол жеткізген оқушының одан сайын мұндай зерттеуге қызығушылығы артып, жан жақты ізденіп, білімдерін кеңейтеді.
Өсіп келе жатқан жас буынмен бірге бой көтеріп келе жатқан еліміздің робототехника саласының нәтижесінде адам өмірін жеңілдетуге арналған роботтарды күнделікті өмірде қолданатын уақыт алыс емес. Осындай бастамалар инновациялық-индустралды Қазақстанның болашағын жарқын етпек.

 Әдебиеттер:

1.Клаус Шваб. Ш35 Төртінші индустриялық революция. Алматы: Ұлттық аударма бюросы,2018 жыл.-200 бет.
2.Ершов М.Г. Применение элементов образовательной робототехники как средства реализации политехнической направленности обучения физике: автореферат дис… кандидата педагогических наук. Екатеринбург, 2016. 240 с.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.