Home » Мақалалар » Мектеп алды даярлық топ балаларын ұлтжандыққа тәрбиелеу

Мектеп алды даярлық топ балаларын ұлтжандыққа тәрбиелеу

Қарағанды қаласы
«Балапан» бөбекжайы  КМҚК
Шайлимбекова Нургул Берикбаевна
психолог                                                            

Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүделлері болады. Ол ең алдымен «Ұлтжандық» «Отан сүйгіштік» «Патриотизм»  ұғымдары сол заманның ақиқат наным сенімнен туындайды.
Еліміз егемендігінің бір мүшел жыл ішінде жас ұрпақ тәрбиесінің темір қазығы Қазақстандық патриотизм болды. Туған жерін, ана тілін, елдін әдет-ғұрпымен  салт-дәстүрін құрмет ету сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап ақ қалыптаса бастады деп көрсетілген өзінің ізгілікті мәнін сақтайды.
Бірақ Республика балабақша балаларын, мектеп оқушыларын патриотизм тәрбиелеудің 1970-2000 жылдар аралығында жай жапсырын зерттеу барысында кеңес дәуірінде біршама тәжіребенің жинақталған белгілері болды. Сол кезде ұлттық сипаты ескерілмеген. Интернационализімге тәрбиелеу деген сылтаумен ұлттық патриоттық сезімдерді тұншықтырып , мүлде жойылып кету қауіпі де, төнген еді. Сонымен қатар Қазақстанның бүгінгі ахуалында мемлекеттің иесі болып отырған ұлттық патриоттық сезімі басқа халықтарға үлгі боларлықтай мызғымас тұрақты болу керек екені белгілі. Кеңес дәуірінде патриотизмге тәрбиелеуде балабақша балаларының патриоттық сана-сезімін қалыптастырудан гөрі әскери патриотизімге ерекше мән берілгендігін білеміз. Бұл жоқ жерден жау іздеп , үнемі балаларды біреуге қарсы соғысуға дайындап отырған секілді болып көрінеді.
Жалпы адамдар соғыс іс-әрекетінде немесе басқа жағдайда істерге баруға екіталай. Біз балабақшада немесе отбасында жастайыннан, бүлдіршін кезінен бастап рухани патриотизімге тәрбиелеу керек деп ұйғардық.
Сезімге анықтама бере отырып Қ.Жарықбаев борыш, ар-намыс, қайсар,табынды, өжет, секілді жауапкершіліктерді жоғары сезімдер қатарына қосады.Жоғары сезімдер орта және тәрбиенің ықпалымен даму нәтижесінде қалыптасады.
Балабақша балаларын патриотизімге тәрбиелеу бағыттары осыған орай мемлекет ұстанып отырған басты идеяны, одан шығатын мақсатты, оның мазмұны , әдістері, құралдарын біртұтас жүйеге келтіруге негіз бол алады.
Патриотизге тәрбиелеудің негізгі бағыттары мыналар болуы тиіс

  1. Балаларды патриоттық сана қалыптастыру
  2. Балалардың патриоттықсезімдеріне түрткі беріп отыру
  3. Өсіп келе жатқан жас буындардың патриоттық іс әрекетің ұйымдастыру және оны өмір салтынап ендіру арқылы әдет дағдыға айналдыру
  4. Әр баланың өз іс әрекетінін санаға салынып талдауы (қадағалау, бақылау, байқау) арқылы өзін өзі түзеу, тәрбиелеу.

Кеңес дәуірінде патриотизімге тәрбиелеудің балалардың руханижан дүниесінің құрамдас бөлігіне айналғаны туралы ой туады. Баланың патриотизімге өзін-өзі тәрбиелеу ол кезде ескерілмей қалған. Баланың патриоттық іс –әрекетін ұйымдастыру және өзін-өзі тәрбиеленуін, не істесе де Отаны, ұлты, халқының мүддесін көзге тұту деп санаймыз. Өз мүддесін көздепорындаған жұмыстарының сапалы болуының өзін Отанға қосқан үлес ретінде қарастырудың да маңызы зор. Осыны әр кімнің санасына сіңірген күнде ғана біз нағыз патриоттарды тәрбиелей аламыз.
Ересек тобының балаларын патриотизімге тәрбиелеуге арналған кейбір іс шаралар тәрбие сағаттары,кештер, ертеңгіліктер,кездесулер т.б жалпы редагогикалық талаптарға толық сай келе бермейді.Өйткені оларда көбнесе мақсат-міндеттер дұрыс нақтыланбаған, сол себепте нәтижелерінің тиімділігі байқалмайды. Осы кемшіліктерді жолдан жоюы мынадай талаптар қойылады;
1.Патриотизімге тәрбиелеудегі арналған іс-шаралардың мақсаты анықтап отырған бағыттар көлемінде анықталу;

  1. Ол мақсаттын тақырыппен тығыз байланыста болу;
  2. Қойылған міндеттерді шешудуң тәсілдері,әдістері, нақтылануы,т.б;
  3. Олардан келіп шығатын нәтижені алдын ала болжау;

Тәрбиелік іс-шаралардың мақсаты; патриоттық сана қалыптастыру болса ар ,намыс ождан , қарыз, парыз секілді т.б ұғымдар мен түсініктерді нақтылау, олар туралы білімдерін жетілдіру жіне олардын ауқымын кеңейтіп, тереңдету және Отан ,мемлекет, ел, ұлт, халық атамекен секілді киелі ұғымдармен байланыстылап көрсету.
Патриоттық сезім келтірілген киелі ұғымдармен байланысты қуаныш, сүйсіну, күйіну, мақтаныш секілді т.б эмоция спектілеріне түрткі беру, ояту,қозғау салу, дамыту, қалыптастыру мақсаты көзделді.Патриоттық сезім жоғары сезімдер тобына кіреді.Өйткені ол қоғамдық мәнді және көңіл күйге байланысты моральдық сезімдерге қатысты болып, сананың жетілдіруіментығыз байланысты.
Қоғамдық тәрбиенің ықпалымен патриоттық сезімдер тұрақтанып мектепжасына дейінгі балалардың іс-әрекеті, мінез-құлқының сөзімен ісінен көрінісберіп ұлты,халқы, Отан үшін қызмет етуге дайын тұрады.Мектеп жасына дейінгі балаларына қатысты бұл жақты ынталы болу, денсаулығын сақтау, жеке іс-әрекетінде өзінің қазақ ұлтының өкілі Қазақстан Республикасының азаматы екенің әрқашан ескеріп отыру қажет.
Патриоттық сана яғни патриоттық сезімінің көрсеткіші мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті.Олармен бірге қоғамдық іс шараларға қатысу, өзіне қызмет ету,үй шаруасына көмектесу секілді іс әрекеттердің барлығы балалардың басты міндет мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының мүддесін ұлттық, Отан, мемлекет халық мүддесімен ұштастырып отыру қажет.Балалардың өзін-өзі тәрбиелеу деңгейіне жеткізу дегеніміз-оның ішкі қажеттерін туындаған ой-сана ,мінез-құлық, іс-әрекеттерінің сыртқы жағдайларға сәйкестенуі болып табылады. Бұл өзіне қойылған талаптарға іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы жағымды жауап беруі.Мектеп жасына дейінгі баланың өзін-өзі тәрбиеленуін ұйымдастыруға жетекшілік етуге ұстаздар мынадай басшылық жұмыстарын ұйымдастырады:
А.Өз-өзін танып білу
Ә.Өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасы не жоспарын түзеу
Б. Өзін-өзі иландыру,өзіне бұйрық беру
Біз осыған орай балабақшадағы тәрбие процесінде көп қолдана бермейтін,балаларды патриотизімге тәрбиеленудің бағыттарын ұстана отырып жүзеге асыруға мол мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз .Мұндай кезде тәрбиенің тәлімді,ішкі,ықпалды түрінен гөрі, кездейсоқ сыртқы көрінісі басым болып шығады.Ал бірлігі ұлт дамуы көкейкест басты мақсат биігіне көтерілген қоғамда азаматтық ой-толғаныстардың жаңа қарқынмен  оянуға ықпал етеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.