Home » Мақалалар » Республикалық желілік ғылыми-практикалық конференция

Республикалық желілік ғылыми-практикалық конференция

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2020 жылғы 30 қазанда он-лайн режимде, ZOOM платформасында «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 — 2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тұрғысынан жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тұлға тәрбиелеу» тақырыбында республикалық желілік ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференцияның мақсаты Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 — 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тұрғысынан жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тұлға тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылау болды.
Конференцияға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының басшылары, профессорлы-оқытушылық және тренерлік құрамы, зертхана мен бөлім мамандары, Білім басқармасының әдіскерлері, мектепке дейінгі, орта білім беру, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері қатысты.
Конференцияның ашылу сәтінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры Л. А. Саинова қатысушыларға алғы сөз арнап, конференция жұмысына тоқталып, сәттілік тіледі.
Конференция жұмысы үш секция бойынша:
— Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тұрғысынан адамгершілік-рухани құндылықтарды дамыту.
Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі.
— Отбасында жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту тақырыптық бағыттарын қамтыды.
Конференцияның пленарлық отырысына республика өңірлерінен 300-ге жуық педагог қатысты. Өскелең ұрпаққа жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде білім беру мен тәрбиелеу, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тұлға тәрбиелеу бойынша ұсынылған баяндамалар өте мазмұнды болды. Шараға қатысушылар белсенділік танытып, өз қызығушылықтарын білдірді.
Конференция жұмысының соңында талқылау жүргізіліп, ұсыныстар қабылданып, қорытындыланды.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.