Home » Мақалалар » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАРИХИ ТАНЫМ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚАРАПАЙЫМ САНДАР СЫРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАРИХИ ТАНЫМ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚАРАПАЙЫМ САНДАР СЫРЫ

Білалова Аян Ауесханқызы,
Н.Гоголь атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі,
Жамбыл облысы Байзақ ауданы

Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезінде басталған ұлттық тарихымызға терең үңіліп, түп-тамырымызды жете танып, оның күрмеуі күрделі түйінін шешуге ұмтылу – баршамызға ортақ міндет. Басқаша айтқанда, төл тарихымыздың төлтума болмысын өзіміз ғана біліп қоймай, оның ешкімнің тарихынан кем еместігін өзгелерге де танытарлық тарихқа деген дұрыс ұстанымымыз болуы қажет. Осы ретте ҚР Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың мақалаларында санамалап көрсетілетін, қазақстандықтардың өмірінде базалық мәнге айналған қарапайым сандар мен олардың мәні туралы ойланып көрейік.
2017 жылдың 12 сәуірі күні Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы басылып шықты. Ол шын мәнінде бағдарламалық мақалаға айналды, себебі онда Елбасы: «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтер едім» дей отырып, тұтастай бір ұлттың, сондай-ақ әрбір қазақстандықтың қоғамдық санасын жаңғыртудың құрамдас бөліктері: ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы туралы өз ойларымен бөліседі. Осы аталған 7 бағыттың әрқайсы ХХІ ғасырда еліміздегі білімді әлеуметтендіру бағытында дамытудың негізіне айналды. Әрине, бұл ретте біз білімді әлеуметтендіру мен адамгершіліктендіру жаңалық емес екенін түсінеміз. Дегенмен, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы Қазақстанның өткені, бүгіні мен ертеңгі күнін, еліміздегі мектепке дейінгі, орта, арнайы және  жоғары білімді, бабалар, әкелер, балалар мен немерелер арқылы жалғасатын ұрпақаралық сабақтастықты бір жерге топтап, жинақтады. Сонымен, тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы ретіндегі бірінші қарапайым сан: тұтас бір ұлттың және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың 6 құрамдас бөлігі осылар. Президент мақаласында осы қалыптасқан қасаң тарихи сананы қайта жаңғырту қажеттігін қадап айтып, оны жүзеге асырудың нақты жолдарын атап көрсетті.
Елбасының 2018 жылдың 5 қазаны күнгі «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс  пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында білім берудегі жаңа басымдықтарды анықтады, еліміздегі білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуы қажет екендігін атап өтті. Сонымен, екінші қарапайым сан — 4К моделі: креативтілік, сыни ойлау, коммуникативтілікті дамыту және командада жұмыс істей білу.
Мемлекет басшысының  тариxи сананы жаңғыртуға бастайтын «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы 2018 жылдың 21 қарашасы күні  жарық көрді.  Руxани жаңғырудың жалғасы іспетті тағылымды мақалада ұлт тариxының бастаулары, Ұлы Дала өркениеті, түркі әлемінің генезисі, түркілердің адамзат тариxына қосқан сүбелі үлесі сияқты маңызды тақырыптармен бірге оларды жүзеге асырудың нақты жолдары да көрсетілген. Терең тариxымызды түгендеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық мақаланы түркі әлемі мен Ұлы даладан бастау алатын тамырлас жұрттардың барлығының ортақ игілігіне айналары сөзсіз. Ұлы даланың 7 қырының кез келгені – Қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра болып табылады.  Сонымен, үшінші және төртінші қарапайым сандар: тарихи санамызды жаңғыртуға негіз болатын Ұлы Даланың 7 қыры мен 6 жобасы.
Осылайша, қарапайым сандардан: қазіргі кездегі Қазақстандағы қоғамдық сана мен тарихы сананы жаңғыртудың толассыз идеясы мен қажеттігін көруге болады.
Стратегиялық сипатқа ие бұл бағдарламалық мақалалар ауқымды тарихымызды дұрыс түсіну мен қабылдауға шақырады. Осы Ұлы далада өмір сүріп отырған бүгінгі халық, өзімізді адамзат өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан ұлттың ұрпағы және мәңгілік дамуға жаңа бағыт берген мәдениеттің өкілі екенін ұмытпауымыз керек.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.