Тукымбаева Турсынгуль Темирхановна
Алматы облысы Жамбыл ауданы
Жаңақұрылыс ауылы
«Жас Ұлан» МКҚК Оқушылар үйінің
«Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі
Сабақтың мақсаты: Сәндік бұйымдармен таныстыру.
Білімділік: Сәндік бұйым жасап үйрену. Жас өспірімдерге өздігінен шеберлік деңгейін арттыру, ынта ықыласын молайтуға, әсемдік пен сұлу-лықты танып, шығармашылық қиялын дамытуды үйрету .
Көрнектілігі: Сәндік бұйымдар түрлері бір үлгіден әртүрлі қолдану
Сабақтың өту әдісі: инновациялық әдіс, аралас.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі — 2-3 мин.
Үй тапсырмасын қайталау кезеңі- 5-7 мин.
- Инемен, қайшымен, ыстық желіммен жұмыс істеген кезде сақталатын қауіпсіздік ережесі.
- Саусақты инемен шаншып алудан сақтану, инені арнайы жастықшада ұстау, иненің сабақталуы жібі болуын ескерту.
- Оқушыларға білімдерін тексеру мақсатында қайталау сұрақ беріледі.
- Матаның түрлері?
- Адам организіміне әсері?
Жаңа сабақ. Қалдық матаны пайдаланып сәндік немесе әшекей бұйым жасау, оның ішінде гүл жасау. Сәндік бұйымның өзі жан-жақты түрлі жағдайда қолданылатын зат. Матадан бірнеше гүл жасау арқылы күнделікті киіп жүрген киімді безендіру, шашты сәндеу кезінде шаш қыстырғыштар жасап және де үйіңіздің декорында қолдануға болады. Мысалы раушан гүлді алсақ, ол – ең танымал әрлеу гүлдерінің бірі. Ол жалғыз гүл немесе басқа гүлдермен үйлескен раушан гүлдерінің композициясы болуы мүмкін. Біз суық өңдеу әдісі арқылы раушан гүлін жасауды қарастырамыз. Мұндай раушан кешкі көйлекке немесе ресми шаш үлгісіне декорация ретінде жақсы көрінеді. Раушан гүлін жасау үшін мата қиындысын аламыз. Әртүрлі мата болады. (Батист, жібек, драп, бархат, атлас, органза немесе капрон, шифон).
Раушан жапырақшаларына форма беру үшін желатин қолданамыз (фото-желатин, ас-желатин). Сонымен қатар желім ПВА, ине-жіп, бисер, леска.
3-4 шай қасық желатиннің үстіне 1 стакан суық су құйып, 30-40 минутқа су бұқтырылғанша қалдырамыз. Содан кейін баяу отта қыздырып, ерітінді біртекті болғанша үздіксіз араластырымыз.
- Қағаздан жапырақшаларды қиып алып оны матаға бастырамыз. Содан соң қиып аламыз.
- Ең кіші жапырақшаларынан бастап ине-жіппен бір-біріне біріктіріп тігеміз немесе ыстық желіммен желімдейміз.
- Енді дайын гүлді безендіреміз. Бірнеше гүлді қосып букет жасап немесе жапырақтар қосып, моншақпен безендіруге болады.
Дайын гүлдің формасын келтіру үшін ыстық қасықпен жапырақшалардың көлемін келтіруге болады. Содан соң жылтыр лакпен (флакондағы металға қолданылатын лак немесе жәй тырнақ бояйтын лак) жапырақшалардың шетіне жағып қойса болады. Осындай гүлдерді пайдалана отырып әртүрлі әшекей бұйым жасай аламыз. Мысалы: алқа, брошь ретінде пайдаланып, орамал, сумка, шарфқа, киімдерге қолдануға болады. Осылайша кез-келген матаны суық өндеуден өткізіп, қолөнерде әртүрлі бұйымдарды шексіз жасауға болады. Киімдер үшін брошь, белдік, алқа, шашты сәндеуде – ободок, резинка, шашқыстырғыштар, үй жиһаздарында декор (перде, жастықшалар және тағы басқа қосымша элементтерге) қолдануға болады.
Жаңа сабақты қортындылау. Жұмыс кезінде үлгі бойынша пішу, тігу, сәндік бұйым жұмыстары жүргізілді.
Оқушылардың білімін бағалау: Оқушылардың жасаған заттарын, берген жауаптарын ескере отырып бағалау.
Үйге тапсырма:Келесі сабаққа қажетті заттарды әкелуді тапсыру.