Home » Мақалалар » Мұғалім құзіреттілігін  дамыта отыра оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру

Мұғалім құзіреттілігін  дамыта отыра оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру

 Аскарбаева Толкын Амангелдиевна
  Қарағанды облысы
«№ 102 мектеп-гимназия» КММ
қазақ тілі мен әдебиетінің    мұғалімі

«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» -, деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай  мұғалімнің  ізденісі, жан-жақтылығы оның құзіреттілігі  арқылы айқындалады.
Құзіреттіліктің   мазмұны – жеке  кәсіптік, интегралдық сипаттама  ретінде төмендегі функцияларын жүзеге асыра білуімен анықталады, олар: болжау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу, үйлестіру, сәйкестендіру, белсенділігін арттыру, зерттеу.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасын біраз  уақыттан  бері өз тәжірибемде қолданудамын.
Сыни тұрғыдан ойлау әдістерінің оқушылардың еркін сөйлеуін, сөз ұшқырлығын ұштауға, өз ойын жеткізе  білуге, сыни көзқарастарын қалыптастыруға мол әсері бар.
Сабақ  құрылымы үш кезең арқылы бойынша жүзеге асырылады:

  1. Қызығушылықты ояту
  2. Мағынаны тану
  3. Ой-толғаныс

Осы үш кезең арқылы оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке шақыруға болады.
Ал грамматикалық  материалдарды және лексикалық тақырыптарды оқытуда стратегия  түрлерінің қолданылуы арқылы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, ойлау қабілетін дамытуға, ойын еркін жеткізуге үйретеді.
Сабақтарымда байқағаным: оқушыларға  еркін ойлауға мүмкіндік беріледі, шығармашылыққа  икемделеді,  өзіндік  пікір қалыптасады, сабаққа деген қызығушылықтары  оянады, басқалардың еңбегін бағалай білуді үйренеді.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»   бағдарламасы қазіргі таңда  білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын тұлға тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау әдістері бойынша жүргізілетін жұмыстарда оқушылардың:
а) өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу;
ә) берілген ақпараттар арасынан тиімдісін таңдай білу;
б) проблеманы шеше білу;
в) сыни көзқараста болуы қалыптасады.
Сын тұрғысынан ойлау маңыздылығының нәтижесі:

  • әдіс түрлері;
  • белсенді іс-әрекетте болу;
  • басқалармен қарым-қатынас жасай білу;
  • қажет болса, өз көзқарасыңды өзгерту;
  • топтық тұжырымға келе білу;
  • топ алдына шығып,өз тұжырымын айта білу.

Осының бәрі  оқушылардың өздігінен білім ала білуін, сыни тұрғыдан ойлауын, алған білімін дағдыға айналдыруын қалыптастырады.
Оқыту  мен  тәрбиелеу үдерісінде оқушы шығармашылығын дамытудың тағы бір қажеттілігі қоғам талабынан  туындайды. Қазіргі  кезеңде мамандық атаулының  барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді. Сондықтан да психологтар тұлға қалыптастырудың қажеттілігін тұтас бір кешенді қасиеттермен  байланыстырады. Ендеше  қазіргі таңдағы қазақ педагогикасының  міндеті де осы тың қасиеттерді кез келген қазақ оқушысының бойында қалыптастыру.
Ертеңгі күні қазақ мектебін бітірген  жас шәкірт қоғам алдында дәрменсіздік көрсетпеуі үшін  шаруашылықтың кез-келген саласына  қажетті ортақ білік, дағдыны мектептен алып шығуы тиіс. Өз ұлтымызды, мемлекетімізді өркендететін білімді  шәкірттер  тәрбиелеу үшін  бірінші кезекте  балалардың сезімталдығын, ойын, тілін дамытуды қолға алған жөн деп ойлаймын.
Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау – өте күрделі үрдіс. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде пайда болады. Егер шығармашылық  оқушының жас кезінде бағалы бағдар болып қалыптаспаса, онда болашақта да оның қалыптасуы екіталай. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу – әрбір ұстаздың басты міндеті. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабынан туындайтын қажеттілік. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіндігіне байланысты.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Б. Қадырова. Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың кейбір ғылыми-педагогикалық проблемалары. – Алматы, 2005.
  2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана хабары, 2004, 6 қаңтар
  3. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, 2008

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.