Қайырымды жандар көп болсын!
Қайырымдылық – адам баласының бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Себебі, халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасауды, кіріптарға қайыр беріп, қарттарды аялауды, мүгедектерді қолдап-қорғауды әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді.Сондықтан да қазіргі таңда мемлекет тарапынан да қайырымдылықты қолдауға көп көңіл бөлініп отыр.Соның бір дәлелі-жыл сайын елімізде жаңа оқу жылының қарсаңында түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып,жас жеткіншектеріміздің мектепке алаңсыз баруына көмек көрсетіліп келеді.
Алматы қаласының Білім басқармасы Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол — Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлады.
Бұндай іс-шараларды өткізуден біздің Алматы қаласы, Алатау ауданы №179 жалпы білім беретін мектеп ұжымы да қалыс қалған емес. Жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан қайырымдылық акциясы мектебімізде биыл қайырымды жандардың көмегімен бізде бастап кеттік.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің »- деген дана халқымыз айтпақшы. Қайырымдылық- халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.
Жастайынан қайырымдылық пен қолдауды сезініп өскен баланың келешегі де жарқын болмақ. Бұндай игі істер мектебімізде келешекте де жалғасын табатындығы сөзсіз. «Жанашырлыққа жан риза » — демекші сауабы мол іске ат салыссаңыздар деген тілегіміз бар.
№ 179 ЖББ мектеп әлеуметтік педагогы Г.А Шубекова