Home » Мақалалар » Балабақша – барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы

Балабақша – барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы

Нурманбетова Гулжамал Дакесовна
Алматы қаласы,
КМҚК №12 бөбекжай-балабақшасының
меңгерушісі
Балабақша – барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы

Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп, ол —  балабақша. Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер-білімге, елінің ар-намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге баулиды.

Сондай балабақшалардың бірі – КМҚК №12 бөбекжай-балабақшасы. Балабақшаның іргетасы 1970 жылы қаланған. Сол жылдан бастап бүгінгі күнге дейін талай сәбидің болашаққа деген сенімін қалыптастырып, ұясынан мәпелеп ұшырды.

Биылғы оқу жылында 43 бала бітіріп, мектеп өміріне қадам басқалы отыр.

Күні кеше «Жұлдыз» тобының тәрбиеленушілері мен ата-аналарының қатысуымен «Қош бол, балабақшам» тақырыбында бала жадында мәңгі сақталар ертеңгілік өтті. Ата-аналардың қолдауымен «Асыл қазына» триосы және «Асылым» шоу-балеті, сондай ақ қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Мұхтар Ханзада балалар мен ата-аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Аталған топтың тәрбиешілері Турсынбаева Рита Байзаковна мен Кеңесбайқызы Нағима апайлардың еңбегіне ерекше тоқталуға болады.

Ертеңгілік сценарийінің еркіндігі балалардың өзін-өзі ашық жарқын ұстауына ықпал етті.

Іс-шара басталардың алдында бөбекжайымызда әуезді әуендер ойнап,  балалардың ерекше көңіл-күйі сезіліп тұрды. Бұл кеш бұрынғы кештерден өзгерек болды. Балалар бір жыл бойы үйренгендерін ортаға салып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Аталмыш шараны бүлдіршіндердің өзі де асыға күткені көрініп тұр. Балалар бірінен кейін бірі өлеңдер оқып, әсем әндерін шырқап, қонақтардың қошеметіне бөленді. Мерекелік шарамыздың соңында бүлдіршіндерге дипломдар табысталып, балабақшадан ұшып бара жатқан түлектерге тек қана ақ жол тілеп, білім көгінде қанаттары талмай самғай берсін деген тілектер айтылды. Ата-аналар да ақ тілегін айтып, балабақша ұжымына алғыстарын жеткізді.

Балабақша-келешек ел басқарар, жер суына иелік етер, ел халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап, өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Балабақша ұжымы келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне қызмет етуде. Балабақшамыздың жақсы жетістіктерге жетуі, әрбір тәрбиешінің өз еңбегінің нәтижесімен, жаңалығымен біліктілігі мен білімдерінің арқасы деп білемін. Балабақша топтарында өз жұмысын жақсы білетін педагог-модератор мамандар жұмыс жасайды. Педагогтер құрамы жас мамандардан құралған, олар болашақта өз тәжірибелерін жетілдіріп, биік белестерді бағындыратынына сенемін.

Балабақша ұжымының әрбір қызметкерлерінің міндеті- күнделікті тәрбиеленуші бүлдіршіндерге бақыт сыйлау.

«Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік»-деп, Жүсіп Баласағұн айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін ізденіспен өткізеді.

Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды ке­зең болып келеді. Өйт­кені осы кезде баланың бойын­дағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.­  Сондықтан осы шақта бала­лар­мен анағұрлым жан-­жақ­ты дамытушылық әре­кеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс сон­­ша­лық­ты нәтижелі болады.  Тәрбиелі, білімді ұр­­пақ балабақшадан мектепке да­йын шәкірт болып шы­­ғады.

Балабақша – барлық тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы іспеттес. Мұн­­­дағы тәрбие мен білім ба­ла­­лар­дың табиғи мінезін, қа­бі­летін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қам­ту өзімнің басты мақсат­тарым­ның бірі екенін қуана айта аламын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.