Home » Мақалалар » Білім беру бағдарламаларының навигаторы

Білім беру бағдарламаларының навигаторы

Әл-Фараби атындағы
Қазақстан тарихы кафедрасының
доценті Э.Д.Телеуова


Қай қоғам болмасын ақылды әрі парасатты азаматтарын, соның ішін­­­де неғұрлым белсенді, қоғам­да болып жатқан өзге­рістерге немқұрайлы қара­­­майтын, жол бастап, жаңа­­­лықтың бастамашысы болып жүретін тұлғаны,  өз ортасының шын мәнісіндегі алтын қорына балайды.  Факультетіміз осындай тұлғаларды сомадады десек болады. Факультеттегі оқу үдерісін ұйымдастырудағы білім беру бағдарламалары, бастапқыда оқу- жұмыс жоспарынан, кәсіби-оқу жоспары, модульді білім беруден, траекториялық білім беру, мейджор мен майнор, студентке бағытталған, жұмыс берушіге, еңбек нарқы, модернизацияланған, біріккен, тағы басқа тізіп жаза беруге болатын кезеңдерден өтті.  Осы  күрделі үдерістің жүзеге асуында, интеллектуалды және инновациялық еңбекке бейімделген үйлестіруші тұлғаның тұратыны белгілі. Археология, этнология және музеология кафедрасының білім беру бағдарламарының өзгеріп, түрленіп, жетілдіру кезеңдерінің бастауында тұрған, әрине үйлестіруші тұлға — профессор Бибизия Кенжебекқызы Қалшабаева.  Бұл жұмыстың сан қыры бар, үлкен құжаттық легі, мамандықтың паспорты, пән каталогы, білім беру бағдарламасы 3 тілде дайындалады. Мамандық бойынша оқыту нәтижелері білім берудің деңгейіне сәйкес бакалавриат, магистратура, доктарантурада қойылатын талаптарды жетік меңгеруді талап етеді.
****Бағдарламаның негізгі принциптері:
Халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, пән дескрипторлары, цикл және дайындық деңгейі, Дублин дескрипторлары, аккредиттеу агенттіктерінің талаптары және стратегиялық серіктестердің ұсыныстарын ескеру;
еңбек нарығы мен тұтынушыларға бағытталған;
конструктивті үйлесімділік пен сәйкестік қағидатына негізделген түлектің моделі;
мақсаттары, жоспарланған оқу нәтижелері, бағалау және оқыту әдістері;
Кәсіби қызметтегі соңғы зерттеулермен және инновациялармен біріктірілген.
Осы тұрғыдан алғанда, Археология, этнология және музеология кафедрасының ұжымы білім беру бағдарламаларын модернизацияландыру жұмысын тиімді жүзеге асыруда. Кафедраның осы бағыттағы жетістігінің идеялық навигаторы ретінде профессор Бибизия Кенжебекқызының еңбегін**** факультеттегі өзге коррдинаторлар мойындап, кеңес алуға ұмтыламыз.
БжҒМ 2018 жылы 17 қазанда қабылдаған мамандықтың жаңа классификаторы бойынша білім саласы: 02 Өнер және гуманитарлық ғылым; дайындық бағыты: 022 Гуманитарлық ғылым; білім беру бағдарламар тобы: 053 Тарих және археология болып бектілді. Сондықтан болашақта білім беру бағдарламасын әзірлеуде ортақ инновациялық бағдарламаларды дайындау қажеттігін осында атап өткен жөн. Осы бағыттағы ізденісті бір арнаға салып, Тарихтың  үш деңгейі бойынша біріккен білім беру бағдарламаларын енгізу болашақтың еншісінде.   Ресейде 2020 жылдан кейін пайда болатын мамандық атласы жарияланды, сондағы трендтердің (білім беру траекториясын әзірлеуші, білім беру бағдарламсын үйлестіруші, тютер, модератор) барлығын, осы мақала арналған профессор Бибизия Кенжебекқызының кәсіби деңгейде игерген. Қазақстанның еңбек нарқында пайда болмаған мамандықтың құзыретін толық меңгеріп алған, бұл тұлғаның, интеллектуалды потенциалының болашаққа берері алда.
Бүгінде,  білім беру саласы ізгілік пен ізеттілік, ізденіс пен іліктілікке  зәру.  Кәсіби ортада қоғамдық мүддені жоғары қоятын,  «өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың»- деп Абай хакімнің өсиетін бойына сіңірген осындай тұлғаларды дәріптеу артық емес.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.