Бүгін, Алматы қаласы Түркісіб ауданына қарасты нөмірі 76 ЖББ мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру бағдарламасы аясында семинар қазақ және орыс тілінде өтті.
«Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» демекші, білімге құмар жастарды тәрбиелеп өсіру үшін, ең бастысы баланың ой-өрісін дамытатын оқу құралы, кітапқа деген қызығушылығы мен құштарлығын арттыруымыз керек,- деді семинардың шымылдығын ашқан мектеп директоры Тиреуова Сауле Маратовна
Расын айтатын болсақ, қазіргі таңда балаларымыздың басым көпшілігі телефонға телмірумен уақытын өткізуде.
Ал, бұл бастаманың барысында балалардың кітапты көзбен көріп, қолмен ұстап, қағаздың жұпар иісін сезініп оқуына орай жасалып жатқан жұмыстың нәтижесін көрдік.
Ұйымдастырушы: Гульнара Накипбекқызы Акбулатованың айтуынша бұл шара өскелең ұрпақтың жанданып, рухани білім алуына үлес қосып отырған ауқымы кең жоба.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу құзыреттілігін арттыру мақсатында сөз сөйлеген Елбакиева Гульфира Аркиновна бала тілінің тазалығы мен сөздік қорының көбеюі, баланың ой-өрісінің дамуы турасында өз ойын ортаға салды. Сондай-ақ балалардың оқуға деген құлшынысын арттырып, ізденісін оятатын танымдық фильмдерді бірге көріп, талқылап-талдап балаға жол көрсетіп, жөн сілтеудің дұрыс екенін де тілге тиек етті.
Жобаны іске асыру үшін ата-аналарды іс-шараларға тарту жөнінде Тамаша Ерғабылқызы Байгабылова өз оқушыларының әке-аналарымен өткізген жұмысының нәтижесімен бөлісіп ата-аналардың да білім деңгейіне басты назар аудару керектігін жеткізді.
Дюсупбаева Гульмира Ашимхановна:
Оқушылардың оқуға деген құлшынысын арттыру. Буктрейллер бойынша жобаның мақсатымен таныстырды:
Буктрейллер — ол белгілі бір кітап жөнінде көркемдеп жеткізетін видеоролик.
— оқушылардың оқуға деген құлшынысын арттыру;
— — жасөспірімдерді қызықтыратын кітаптармен таныстыру;
— — оқығандарын жарнамалауға ықпал ететін кітаптардың қысқаша мазмұнын беретін буктрейлер арқылы оқушылардың оқу талғамын дамыту керек деді.
Өз кезегінде сөз алған мектеп кітапханашысы Емельянова Л.М мектеп кітапханасы «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыруда кітапханада жасалып жатқан жұмыстар мен өткізіліп отырған іс-шаралардың біршама екенін жеткізді.
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер мен ересек оқушылардың жанға жайлы орыны саналатын кітапханаға балалар жарыса келіп кітап оқып, өздерін дамытуда,- деді.
«Барлық пәндер бойынша оқу» Шеберлік — тәжірибе сағатында, өздерінің біліктілігімен бөліскен ұстаздар: А.Б Отарбаева,
М.О Увалиева, А.Н Құдайбергенова, Р.К Бакашева, М.А Акжолова келген қонақтардың назарын аударып атқарып жатқан еңбектерінің ұшан-теңіз екеніне тағы да дәлел бола білді.
Іс-шараның шымылдығын, ұстаз Қазбек Айнұр Бекенқызының шәкірттері 11-ші сынып оқушылары қазақтың ең көне мұраларының бірі «Қыз Жібек» лиро-эпостық дастанымен аяқтады. Қойылым, келген қонақтардың көңілінен шығып, жиналған жұрт ұстаз бен оқушыларды құрмет пен қошеметке бөледі.
Ұстазы мықтының — ұстанымыда мықты екеніне биылғы түлектер тағы да дәлел бола білді.
Жолдарың ашық, мақсаттарың айқын болсын түлектер.
Білім Айнасы,
Назира Сұлтанмұратқызы