Мектепалды топ-сынып тәрбиешілерінің арасында түсінбестік туындап, оқу жылын 25 мамыр күні ме, әлде 31 мамырда аяқтаймыз ба?- деген сауалмен редакциямызға толассыз хаттар келіп жатыр. Бұл жеңіл сұрақ болғанымен соңында қаржы, уақыт тұрғандықтан мәселені арқалап Оқу-ағарту министрлігіне бардым.
Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Адамова Манара Елекенқызымен жолығып, сауалдарыма жауап алуға тырыстым. Тек демалыс мәселесі ғана емес, бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар да қойылды. Толық нұсқасын төмендегі видео сұқбаттан көре аласыздар.
Пайдалы кеңес алып бергеніңізге рахмет. Осы 25 мамыр мен 31 мамырды шеше алмай жүр едік.
Жақсы айтып өтті.
Неге осы мәселе жылдың басында айтылмайды? Жылдың аяғында айту керек пе? Бұрын неге олай болмады?
Салеметсіз бе! Мектепалды сынып жылда 25 мамырға дейін оқытылып жүрді.
Биылдан бастап осы мәселені неге қозғап отыр?
Әйтеуір, білім ордасында отырған жандар өз өмірлерімен өмір сүреді. Ойларына не келеді, соны ойдан шығарып отырады. Түрлі заң, түрлі ереже шығара салу 5 минутта осы