Осы аптада Астана қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер тобымен бірлесіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ жобасы аясында азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетті.
Іс-шара Астана қаласының «Сарыарқа» сауда орталығында өтті. Кеңесшілер қатарында заң кеңесшілері палатасының өкілдері, адвокаттар алқасының, нотариалдық және сот орындаушылар палатасы мен мемлекеттік органдардың өкілдері болды.
Болашақта қала тұрғындарына Астана қаласының бес ауданында осындай заңгерлік көмек көрсетілетін болады — дейді ұйымдастырушылар.