Home » Мақалалар » «Спорт — сенің серігің!»

«Спорт — сенің серігің!»

Алматы қаласы
Әуезов ауданы
 №13 мектеп-     гимназиясының
 дене  шынықтыру   мұғалімі
 Әлімжан Құрметжан Қабайұлы

       Спорт — денсаулық  кепілі. Денсаулықтың кепілі-тән мен ардың тазалығы. Тән тазалығының басты қағидасы адам баласының  ішкі жан дүниесінің тазалығы. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады. Күні бойы сергек сезініп жүрудің бір тәсілі спорт.     Спорт деген ұғым тек спортшылардың ғана емес, күллі адамзаттың өмірінде орын алуы шарт.

Бірінші байлық-денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Біздің ата-бабаларымыз  «тәні саудың-жаны сау» -деп бекер айтпаған  Әрине, мектепте дене тәрбие пәні жүргізіледі. Спортпен шұғылданған адам денсаулығы мықты, бойына қуат күші мол шымыр – шыныққан, жан-жақты дамиды. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керек. Спорт – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Денесі  жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыс пен ауыстырып отыратын жас адамды айтамыз. Бір   сөзбен айтқанда, спорт – барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп қазығы – қозғалыс, ал қозғалыссыз тіршілік жоқ. Спорт сөзінің мағынасы кең. Дене тәрбиесі соның құрамдас бөлігі, дәлірек айтқанда бастапқы баспалдағы. Онымен  тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты, зор болмақ. Бірінші  байлық – денсаулық, ал сол  денсаулықтың кепілі– спорт.

Мен “Қозғалыс белсенділігін арттыру арқылы оқушылардың денсаулығын нығайту, дене тәрбиесі сабағына, спортқа баулу’’өзекті мәселесі бойынша жұмыс істеп жүрмін.

Сабақ  жүргізу алдында өзіме мынандай мақсат, міндет қоямын : Ептілік, жалпы төзімділік, жылдамдық күші, сияқты дене сапаларының пайда болу белгілері бойынша кіріктірілген нәтижесін  алуға ықпал ететін »Жеңіл атлетика», »Гимнастика», »Спорттық ойындары» бөлімдері бойынша оқыту тәсілдерін күшейту. Денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру, негізгі қозғалыс ептілігімен дағдысын қалыптастыру, оларды әртүрлі өмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету т.б

Қимыл-қозғалыстарды белгілі реттілікте игеру. Атап айтқанда: дайындалып жүрген оқушылардың оқуға деген жағымды ынтасын қалыптастыру; қозғалыс қимылының мәні туралы білімді қалыптастыру; әрбір спорт түрлері бойынша үйренетін қозғалыстар туралы толық түсінікті қалыптастыру; үйренетін қозғалыс қимылын тұтастай игеру. Сөйтіп,қимылға үйрету дегеніміз-бұл білім алу, қозғалыс икемділігін қалыптастыру және тиісті дене жағынан қалыптасудың қасиеттерін тәрбиелеу.

Оқушыларға дене тәрбиесі сабақтарында жаңа технологияны пайдалану оқыту мен тәрбиеленудің жалпы заңдылықтарына бағынған. Сондықтан оны іске асыру барысында дене тәрбиесінің жас және жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып, осы заңдылықтарды көрсететін жалпы педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа алу қажет. Ол ұстанымдарға жататындар: жан – жақтылық, саналық пен белсенділік, бірте-бірбе жасалатын әрекет, қайталамалық, көрнекілік, жеке даралық.

Сыныптан тыс жұмысқа сабақтан бос кезінде жүргізілетін спорттық жарыстар, үйірмелер жатады. Қазіргі кезде оқушылардың белсенді дене-қимылын жүзеге асыруда, жүйелі түрде жүргізілген жұмыстар едəуір орын алады. Сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, сабақтарға қарағанда, сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде өткізіледі. Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс жұмыстың мəні — ондағы қоғамдық пайдалы іс-əрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Қазір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді.

Спорт оқушылардың бойында күш, ептілік, төзімділік секілді моральдық-ерік сапаларын дамытудың тиімді құралы болып табылады. Спортың тəрбиелік құндылығы мектепте оны дұрыс ұйымдастырған жағдайда жəне оны өткізудің дұрыс əдістерін қолданғанда ғана тиімді болмақ.

Қазіргі уақыттың талабы бəсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ — оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Əр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілеттері қалыптасуы тиіс.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.