Home » Мақалалар » БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН БІЛІМГЕ БАУЛУ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН БІЛІМГЕ БАУЛУ

Амирова Толкын Нургазиевна
Алматы қаласы,
Әуезов ауданы
№13 мектеп-гимназиясының
Бастауыш сынып мұғалімі.

«Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді»
Н.Ә. Назарбаев

Елбасымыздың тағылымы мол қанатты сөздері жетерлік. Балалардың білім деңгейін көтеру ұстаздардың басты міндеттерінің бірі. Әсіресе бала бастауыш сыныптарда алған білімінің арқасында, жоғары сыныптарға көшкенде ешқандай қиналмайды. Мектеп қабырғасында жақсы оқыған бала, тамыры тереңге жайылған терек секілді. Болашағы жарқын, алға қойған мақсаты айқын болмақ. Сондықтан ұстаз балаларды білімге баулып, оларды жігерлендіріп отыруы тиіс.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев:  «Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез – құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптасуымыз керек», – деп атап өткен болатын. Ең алдымен ұстаз бен оқушы арасында мынадай кедергілерді алу қажет.

  • Ұстаздың мысы баспау
  • Бала ұстазға еркін ойын жеткізе алуы керек
  • Өзінің білгенін қысылмай айтуы қажет

Атап көрсетілген осы үш топ болмаса, екі жакта берік қатынас орнайтыны анық.

Қазіргі таңда балалардың қызығушылығын ояту оңайға түспейді. Сондықтан мұғалімге мынандай міндеттемелер жүктеу керек:

  • Жігерлендіретін сөздер арнап, оларға мадақтамалар беру
  • Қателігін ұғынықты қылып, бала тілімен түсіндіру
  • Жаңа дүниелерді үйреніп, балаларға түсіндіру
  • Сабақ барысында ойындар ұйымдастыру
  • Көрнекілікке түрлі-түсті қағаздар қолдану
  • Бейнекөріністерді пайдалану

Белгілі ғалым Ушинскийдің мынадай қанатты сөзі, менің мақаламның айтпақ ойын дөп басқандай. «Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат». Сондықтан білімді санаға тоқу үшін, балада бірінші орында ынта мен жігер болуы тиіс.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.