Әлемдік пандемия – Коронавирус пайда болғаннан бері онлайн оқу мен онлайн жұмыс істеу жалпыласып жатыр. Онлайн оқуды көп оқу орындары zoom платформасы арқылы жүргізді. Деседе, кешеден бері осы платформаның қауыпсіздігі жайлы халық арасында өсексөз ере бастады. Мұндайда адам басына «бұл платформа кімдікі?» — деген заңды сұрақ қойылады екен. Сонымен іздестіріп көрдік.
zoom платформасың негізін қалаушы Юань Жың 袁征(Eric S.Yuan) Ұлты қытай. ШанДоң провинциясы, ТайАнь қаласының тумасы. Азаматтығы — Америка.
2011 жылы Юань Жың ресми түрде Zoom құрды. Осы компанияны құрғанға дейін ол Cisco-ның вице-президенті болды. 1990-шы жылы ШанДоң ғылым және технологиялар университетінің түлегі атанғанан кейін қытайдан кетіп, 1997 жылы WebEx-ке қосылып, оның негізін қалаушы инженерлердің бірі болды.1997 жылы WebEx-ті Cisco иеленді, ол Cisco инжинирингтің вице-президенті болды.
2010 жылға қарай Америка Құрама Штаттарында бағдарлама жазу өте жетілген деңгейге жетті және Zenefits сияқты кәсіпорынды басқару процестеріне әсер ететін жетілдірілген сервистік бағдарламалық қамтамасыз ету пайда бола бастады. 2011 жылы Zoom-ның әлсіздігі және дүниеге келуі ресми түрде осындай үлкен ортаға негізделді.
Zoom-қа дейін әлемде байланыс бағдарламалар жасақтамасыз болған жоқ. Мысалы, Skype 2002 жылы құрылған және басқа да платформалар бар. Бірақ Zoom корпоративті клиенттерге көп көңіл бөледі. Бұл нарықта Zoom-ның маңызды бәсекелесі — ескі иесі Cisco Webex.
2011 жылдан 2013 жылға дейін клиенттерді сатып алу кезеңінде Zoom тегін үлгіні қолданды. Бұл модель мен өнім формасы білім беру саласы мен SMB компанияларының икемділікке деген сұранысына өте сәйкес келеді. Кейінгі премьердің кішігірім нұсқасы айына $ 14,99 — $ 20 болса да, ол әлі де бағалық артықшылыққа ие.
2012 жылға қарай Zoom алғашқы ақылы пайдаланушысы — Стэнфорд университеті болды. Ал колледждер мен университеттер біртіндеп Zoom клиенттерінің негізгі тобына айналды.Зумның өзі берген мәліметтерге сәйкес, Америка Құрама Штаттарындағы ең жақсы 200 университеттің 90% -дан астамы Zoom пайдаланушылары.
2017 жылы Zoom клиенттерінің саны (10 адамнан асатын компаниялар) 10 900-ді құрады, 2018 жылы ол 25,800-ді құрады, 2019 жылға қарай клиенттер саны 50 800-ге жетті. Ал, 2020 жылы короновирустың арқасында адам сенгісіз көрсетікше жетті. 2017 жылы бойынша таза шығын 3,82 миллион АҚШ долларын құрады, ал 2018 қаржы жылы 7,58 миллион АҚШ доллары көлемінде пайда тапты.
Қой, соңында жұрттың ақшасын есептеп кеттік қой)) Енді менде заңды сұрақ? Осындай ірі компания біздің мұғалімдердің қандай ақпараттын керек етсін? Немесе оқушылардың? Жоқ әлде, осындай қауесет тарату осы саладағы отандық немесе ресейлік компаниялар арасындағы талас-тартыс, бәсекелестіктегі қара жолы ма?
#zoom #қашықтықтаноқу
Тоқтар Жетпісбайдың ФБ парақшасынан