Home » Эссе » «Әдіскер. Ол………»

«Әдіскер. Ол………»

Ақмола облысы Бурабай ауданы,
Щучинск қаласы,
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының жоғары санатты әдіскері
Бекенова Меруерт Джексенбековна

Сырласым-күнделігім!Өмір не деген тамаша! Қым-қуыт тіршіліктің әр минуты үшін адам алғыс айтуы керек шығар. Жұмыс сатысында жоғарылап, әдіскер қызметіне ауыстым. Өмірім жаңа белесті бастап кетті.

«Тәрбиеші үшін әдіскер деген жол бастаушы, бағыттаушы ғой. Осы жолды алып жүре аламын ба деп әлі де ойланамын.  Ойлана отырып, алдыма үш айғақты міндет қойдым: бірі – тәрбиешіні қолдау, екіншісі — баланы жан-жақты дамыту. Үшіншісі — өз жұмыс ордам, бөбекжайымның туын биік ұстау. Осы міндеттерді атқаруда биік, таза, рухани қасиет қажет. Одан бөлек жүрек қалауы керек. Ал менде осының бәрі бар деп ойлаймын. Сондықтан өз ісімнен мен  енді жан рақатын табатын шығармын деген сенім ұялайды.
Осы ойлар мені мазалап,   «әдіскер кім, әдіскерлік не?» деген сауалдарға жауап іздеп әлі де болса, толғанамын.

Әдіскер… Бұл, алдымен, қызмет. Жай қызмет емес, адал, әділ, еңбекқор, талапшыл болуды қалайтын қызмет. Уақытыңды аямай еңбектенуді қажет ететін қызмет. Одан бөлек жаның да осы іске жақын болуы керек. Сондықтан да әдіскер, бір қырынан қарағанда, бейімділік те сияқты. Бейімің болмаса, қызметіңді қалай атқарасың?
Ұлылықтың бастауында ұстаз тұрады, нағыз ұстаз болу барлығының қолынан келе бермейтіні секілді, әдіскер болу да асқан кәсіби шеберлікті қажет етеді. Ендеше, әдіскерді мамандық иесі деп атасақ та, артық айтқандық болмас.
Әрдайым атқаратын қызметің жан қалауыңмен жарасып, неге бейім екеніңді анық танып, шеберлігіңді шыңдай түссең, нұр үстіне нұр емес пе?
Әдіскер туралы менің ойым әзірге осындай, біраз уақыт өткен соң, мүмкін әлі де терең бағамдармын.

Әдіскер – жаңа идеяларды ойлап табушы, теориялық білімі терең, педагогикалық үдерісті кеңінен талдай алатын, ақпараттарды сараптап, қорытынды шығарып, оны жұмыс сапасын жақсартуға дұрыс бағыттай алатын іскер маман деп атауға болады. Сондықтан да оны қызмет аясымен шектеу, жылдар өте келіп үйренді деп бейімділікпен байлау дұрыс болмайды. Бүгінгі әдіскерге кәсіби білім, толымды тәжірибе, сұңғылалық, асқан шеберлік пен жалпы мәдениет қажет. Әдіскер дегеніміз – үнемі ізденіс пен еңбектің нәтижесінде тәжірибе жинақтайтын, бүгінгі қоғам дамуының үддесінен шыға білетін, өз мамандығының шынайы фанаты. Әдіскерлік адам жанының қалауы мен тәжірибесінің нәтижесінде келетін шеберлік. Дамуды тоқтатсаң, әдіскер болуды да тоқтатасың. Әдіскер жеке мамандық иесі бола алмайды. Әдіскерлік жұмыс көп жылдық еңбек пен шеберліктің нәтижесі, бірақ көп жыл істегеннің бәрі әдіскер бола бермейді. Ол – табиғи дарын. Әдіскер құзыретіне жоғары мәдениет, терең ақыл, жан-жақты білім жатады.
Қазіргі педагогикада «Кім көп біледі дегенді емес, кім жақсырақ біледі дегенді анықтауға көп көңіл бөлу керек» деген қағидат бар. Әдіскер жұмысының бір тармағы осы пәлсапада жатқан сияқты.

Әдіскер — сараптаушы, әдістемелік тұрғыдан көмек ұсына білетін адам, тәжірибелі маман. Әдіскер білікті, шығармашыл тұлға болу қажет. танымдық, интеллектуалдық тұрғыдан өзін дамыта білген маман. Әркім әдіскерлік қызметке қол жеткізе алады. Шығармашылық ізденісті жаны сүйетін адамның бәрі әдіскер деп танимын

Әдіскер – тәрбиенің жанашыры, қолдаушысы, ақылшысы, ол – тәрбиешінің нағыз ұстаз болып қалыптасуына бағыт беруші шамшырақ. Осы міндетті абыроймен атқару үшін өзі де үздіксіз білімденіп, шеберлігін шыңдай отырып жаңалықтың жаршысы, бастамашысы болуы керек.
Ал менің әдіскер, жалпы адам ретінде ұстанатын принципім ақын Ақұштап Бақтыгерееваның мына бір өлеңімен астасып жатқандай:

Мазасыз жүрек жырласын.

Ақ сөйлеп, адал күлетіндермен,

Шындықты жақтап жүретіндермен,

Сыйластық сырын білетіндермен

Танысқым келеді менің.

 

Жаманға жағынбайтындармен,

Жоқтыққа тарылмайтындармен,

Арманнан арылмайтындармен

Табысқым келеді менің.

Жанары мөлдірегендермен,

Жүрегі елжірегендермен,

Үмітке сендіре білгендермен

Достасқым келеді менің.

Мұң-қайғы жеңбейтіндермен,
Өсекке сенбейтіндермен,
Наданға ермейтіндермен
Бас қосқым келеді менің.

Сондықтан әдіскер –әмбебап педагог, креативті маман, бірегей тұлға. Сөзімді қорыта келгенде, есть хорошая китайская пословица:
Скажи мне — я забуду
Покажи мне -я запомню
Вовлеки меня — я научусь
Этим все сказано — мастер своего дело только может вовлечь.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.