Home » Білім және өнер » ӨМІРДІҢ ӨЗІ — ӨНЕР

ӨМІРДІҢ ӨЗІ — ӨНЕР

   Дархан даламның жарқын болашағы елінің бірлігі, ерінің қайсарлығы. Тілінің көркемдігі, ойының өткірлігі.  Өткен күннің ұмыт болмауы. Салт дәстүр мен әдет- ғұрыптың ұрпақ жадынан орын табуы. Замана толқыны тарих теңізінің жағалауында көркем өнердің баға жетпес меруерт- маржандарын қалдырды. Көркем өнердің міндеті табиғатқа еліктеу емес, оның сырын ашу.

Осы орайда, Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына қарасты, «Есіл» ауданында орналасқан  №90 «Еркежан» балабақшасында «көркемдік эстетикалық тәрбие негізі» бағыты бойынша «қолөнер арқылы, балабақша балаларының тілдік қорын дамыту» атты сенминар өтті. Шараның негізгі мақсаты, балаларға қолөнерді дәріптей отырып, танымдық ақыл-ой қабілетін, жалпы және ұсақ моторикасын, эстетикалық сезімін, сөйлеу және сөздік қорын дамыту.  Шараның барысы балғындардың биімен бастау алып, қонақтардың көңілін көтерді. Одан соң, балабақша психологы Ақнұр Боранбайқызы сөз алып, көрермен арасында «метафоралық карталар» атты психологиялық жаттығулар жасатты. Яғни, бала тәрбиесіне қатысты, жаныңа жақын суретті таңдап, мәнісін ашасың. Бұл да бір түйіткілді мәселенің мән-жайын анықтауға таптырмас амал. Ақнұр ханым Әбіш Кекілбаевтың: «өнерде шәкірттік сезімін ұмытқан адам- ұстаз да бола алмайды»,- деген сөзін тірек етіп, өзге балабақша меңгерушілері мен әдіскер, психолог, тәрбиешілер арасында бүлдіршіндерді ойнату түрлері көрсетілді. Ермексаз арқылы мүсін салғызып, баланың ұсақ моторикаларын дамытудың алғы шарттарын көрсетті. Расында, өз тәжірибеңнен өткізгеннен соң ғана, пайымдай алады екенсің. Келессі де, «Құлыншақ» атты түзетуші топтың сабақ барысын көру мақсатында есігін қақтық. «Коворкинг для детей и родителей- инновационная форма совместного развития» деп аталатын логопед Сауле Алтынбековна, психолог Молдир Балыкбаевна және тәрбиеші Улжан Камбаровнаның бірлескен жұмысының куәсі болдық. Көз қуантарлығы ата-аналармен тығыз байланысы еді. Әрине, түзетуші топ болған соң, тынымсыз еңбек пен төзімді қажет етеді. Тек балабақшада емес, үйде де қайталанып жасалынатын  жаттығулар ғана оңалудың нәтижесін көрсетеді. Балалардың көру мен есту қабілеттерін дамытып, сөздік қорын кеңейтіп, ұсақ моторикаларын жетілдіру мақсатында жұмыстар жүргізілді. Әріптерді тез ұғынып, естерінде берік сақтауы үшін, оларға алдымен тіршілік иесін таныстырды. Бұл жолы, ара болды. Оның ызыңы «жу-жу» деген әуенді тудырады. Сөйтіп, бүлдіршіндер қоржындарына «ж» әріпін еншіледі. Ата- аналар мен балаларына  араның әртүрлі нұсқадағы суреті салынған жиделер таратылды. Олар оны бірнеше түске ұқыптылықты сақатай отыра бояу қажет, тапсырманы алғаш орындаған қатысушыға мақтау қағазы да әзір. Балалар ән салып, әуезді әнге ырғатыла биледі. Көтеріңкі көңіл күй бір сәтке күйбең тірліктің қамын басып, жаныңды жадыратты.

Келер кезекте, Динара Алхановна мен Раиса Туребековнаның «өнер тамған он саусақ» лицензиялық бағдарламасымен таныстық. Келген қонақтарға жұмыс барысын сөзбен емес іспен дәріптеу мақсатында әркім түрлі түсті бояулармен суреттер салып, тоқыма жіп пен кілегейдің көмегі арқылы бейнелер жасады. Тіпті, қатысушылардың өзі асқан қызығушылықпен атсалысты. Осы орайда, балғындардың жасаған еңбектерінің көрмесімен таныстырып, қол өнердің һас нұсқаларын көрсетті.

Ал, Каравчук Наталья Николаевна «Доклад и мастер класс: «Развитие творческого мышления у детей старшего возраста» атты авторлық бағларламасының жоспарымен таныстырып, материалдарын ұсынды. Әрине, тәжірибе алмасу мақсатында өзге балабақшаларға таптырмас амал деп білемін. Сондай-ақ, аталмыш балабақшада ақылы ұйымдастырылған қызметтердің де көрсетілімі болды. Баланың санасын, ойлау және сөйлеу қабілеттерін, өзін еркін сезінуіне жасалған жағдайлар барлығы дерлік қарастырылған. Сурет салу арқылы ой-өрісін кеңейту, сөйлете білу, бір көріністің өзінен сан мыңдаған ойды жеткізуге жағдай да, жұмыстарда жасалынған.

Айта кететін тағы бір жағдай, «жүннен киіз басу, жүн шиыршықтарын су-джок терапиясының бір түрінде қолдану арқылы сөздік қорын кеңейту» мастер- классының өту барысына тәнтті болдым. Өз қолыммен киіз басып, жүнді игіру арқылы сурет салдым. Бұл да бала түгілі, тіпті менің де қызығушылығымды арттырып, тың дүниемен тыныстағандай болдым.

 Шараның соңында, тәртіп бойынша Абайдың қара сөзі мен өлеңдері оқылды. Бұл әлбетте, заңдылық деп білемін. Балабақша меңгерушісі Жанылай Айсаққызы сөз алып, келген қонақтар мен ұжымға алғысын білдірді.

Басшысы мықты елдің ғана ертеңі бар. Ұжымның бірлестігі, өзін- өзі көрсете алуы, балалардың болашағы үшін тырмысқаны адамның санасы мен басшының бақылауы деп білемін. Ой түйдік. Қорытындыға келдік. Өзімізге пайдаға тиерін түртіп, келешекте керегімізге жаратуға ниет еттік. Ең бастысы, болашақ деп өткенді ұмытпау. Өткен күн деп келешектен қол үзіп қалмау. Тарих пен ертеңгі күнді байланыстырып, балғындардың бүгіні үшін еңбектеніп жүрген ұжымға жұмыста табыс, биік белес тіледім.

Диана НҰРБЕКҚЫЗЫ
BILIM AINASY
Нұр-Сұлтан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.