Home » Білім және өнер » ЖІГЕР ЖОҚ ЖЕРДЕ, ЖОЛ ТҰЙЫҚ

ЖІГЕР ЖОҚ ЖЕРДЕ, ЖОЛ ТҰЙЫҚ

        «Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт- жас күнде көрген өнеге»,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, кешегі тәрбие, бүгінгі болмыс, ертеңгі шынайы қалыпқа айналмақ. Демек, еш өзгеріске келмейтін, ойы мен бойына көрген- білгенін терген бүлдіршіннің болашағы қалыптаспақ деген сөз. Бала тәрбиесінде отбасы мен мектепке дейінгі мекемелердің атқарар рөлі орасан зор. Өмірге еш алаңсыз, бейкүнә қалыпта қарайтын ең асыл кезең, адамның балалық шағы екен-ау…

Нұр-Сұлтан қаласы  Білім басқармасының мұрындық болуымен басталған бас қаламыздың білімі  мен тәрбиесін жандандыру мақсатындағы ұйымдастырылып жүрген кластер жобаларына куә болып жүрмыз.  Бұл жолы №28 «Жұлдыз» санаториялық балабақшасының «Салауатты» эксперименталдық алаңы аясында «Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру» атты семинарында болдық.  Денсаулықты сақтау құндылықтарын негізге ала отырып, қазіргі заман талабына сай жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу балабақша ұжымының негізгі мақсаты. Семинар барысында дәстүрден тыс жасалған сауықтыру көрнекі құралдарының көрмесін қолмен ұстап, көзбен көрдік. Аталмыш шараның шымылдығын балғындар «нұрлы көктем» әнімен ашып, балабақша меңгерушісі Кенжетай Сағындыққызы  Абай Құнанбайұылының қара сөзімен жалғастырды. Жетекші  № 8 «Думан» балабақшасы әріптестер бастап  №46 «Самал», №47 «Ақжелкен»,  №48 «Ақкөгершін» ұжымдары осы жерден төбе көрсетті.  Сондай-ақ  сараптамалық кеңес мүше қатарынан Білімді жаңғырту орталығының маманы  Ақдидар Асанқызы, «Өрлеу»  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ұстаздардың біліктілігін арттыру орталығының тренері Айман Тұрсынқұлқызы ұйымдастырылған жұмыстарға қазылық жасады.  Кезегінде №28 «Жұлдыз» балабақшасының  дене шынықтыру нұсқаушысы Асқар Тұрсынғазыұлы мен тәрбиешісі Асем Боранбайқызы балаларды сауықтыруда «хатка-йога» элементтерін пайдалану туралы ашық ұйымдастырылған оқу-қызметімен таныстырды. Арнайы тыныс алу мен қолданбалы жаттығулары арқылы балалардың физикалық қасиеттерін дамытуда атқаратын рөлі жоғары екенін алға тартып, арнайы жаттығуларды да көрсетті. Қозғалыс, тыныс алу жаттығулары, өзіне- өзі массаж, йога, релаксация арқылы дененің функцияларын жақсарту, оның қорғаныш қасиеттері мен ауруларға төзімділігін арттыру қосалқы міндеті екенін де сөз етті. Сондай-ақ, йога арнайы жаттығулар арқылы ағзаның ішкі мүшелерінің жұмыс істеу жүйесін, дене бұлшықеттерін, буындардың созылмалылығын дамыту, омыртқа қисаюын, бүкірею, кеудені дұрыс ұстамаудың алдын алу, қан айналымын жақсарту болып табылады. Осы орайда, балалармен арнай жаттығулар жасалып, тіпті «мақта қыз бен мысық» ертегісі арқылы қызықты жаттығулар орындалды. Қимыл- қозғалыстарының өзінен-ақ, «хатка-йога» элементтерінің біраз пайдасын саралай алдық.

Бала денсаулығы үшін спорт алдыңғы орындардың бірін еншілесе, дұрыс тамақтану кем түспейді. Тәрбиеші Элмира Асқарқызы «дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі» атты презентациясы және жүргізілген арнайы зерттеу жұмыстарымен таныстырды. Ата-аналармен берлесіп, баланың күнделікті ас мәзіріне қандай тағамдар еңгізілгенін бақылап, пайдалы және зиян өнімдерді тізген. Топта түрлі эксперименттер жүргізіліп, күнделікті қолданыстағы, газдалған сусын, майлы шұжық, қурылған картоптар тағы да басқа ағзаға өте зиян, қорытылуы баяу заттарды шектеуге тырысқан. Асқазанның жүйелі жұмыс жасауы, қабылданған астың еншісінде екенін бала санасына сіңіртетін ересектер. Себебі, жақсы мен жаманның арасын байыптай алмайтын балғындар үшін жылтырағанның бәрі әдемі.

Сонымен қатар, «балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда ата-аналармен жұмыс» атты тәрбиеші Сәнімай Мубаракқызы ұйымдастырған презентация жоғары деңгейде өтті. Мектепке дейінгі ұйымда ата-аналармен бірлесе отырып, баланың денсаулығын нығайтудың жолдарын айқындап, салауатты өмір салтының қағидаларын меңгертуге негізделді. Ата- аналар арасында ойындар ойнатылып, ән шырқалып, біріккен жұмыстың айқын көрінісі орын алды. Абай Құнанбайұылының 175 жылдық мерейтойы да ескеріліп, өлеңдері мен өмірбаянынан сұрақтар қойылды. Әрине, бұның барлығы бір күндік жұмыс емес, келген қонақтың көңілінен шығудың амалы да емес, әдемі естелік үшін жасалынған жай ғана жұмыс емес. Күн, ай, жылдарды құрбан еткен ерең еңбек. Баланың көңіл- күйі, өзін- өзі ұстауы соның дәлелі. Жігерлі, қайсар ұрпақ қашан да озық болады. Қорытынды сөзді, Бауыржан Момышұлының бірауыз сөзімен түйіндесек: «Баланың у-шуына жетер дүниеде не бар? Одан өткен сазды әуенді табу мүмкін бе?!».

Диана НҰРБЕКҚЫЗЫ
BILIM AINASY
Нұр-Сұлтан қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.