Қызылорда обылысы
Шиелі ауданы, 1 мамыр ауылы
№40 А.Қыраубаева атындағы орта мектеп
Әбілқасым Көркем Сағынбайқызы
«Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді»- дейді халқымыз. Жерге отырғызған көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді қажет етеді.
Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет. Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы. Тәрбиелеу – халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту.
Тәрбие – көптің ісі. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ол нәтижелі болмақ. Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес, кең мағынасында, бір жақты емес, кең көлемде, яғни табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн.
Қазіргі кезде ата-ананың сұраныс деңгейі биік. Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі қазіргі заманымызда өзекті болып отыр. Балалардың білім беруде, адамгершіліктің ең құнды қасиеттерін бойына сіңіріп тәрбиелеуде, білім мекемелерінің, ұстаздардан , ата-аналардан шығармашылықты талап етеді.
Баланы жан-жақты, дені сау, үйлесімді болып өсуіне ата-анасы қаржысын аямай ден қояды. Кішкентай жастан музыка, би, шет тілдер, спорттық үйірмелерге қатыстырады. Оның барлығы, әрине, заман талаптарына сай, бірақ ең бастысы рухани адамгершілік тәрбие – тәрбиенің бастамасы екендігін ешқашан ұмытпағанымыз дұрыс.
Еліміздің егемендік алған уақыт ішінде қоғамда қаншама өзгерістер болды. Сол өзгерістер туғызған соңғы жаңалықтар этнопедагогика мен этнопсихология ілімдерінің жетістігін тәрбие құралына айналдыру – бүгінгі күннің басты сұранысы. Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиееп шығудың бірден бір жолы – өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық тұрғыдан шыңдау. Осыны халықтың педагогика арқылы жүзеге асыруға болады. Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында.
Тәрбиелеп отырған жас жеткіншекке бала деп қарамай, кішкентай күннен бастап оның елін сүйер бүлдіршін, ұлтын ұлық тұтар ұлан, мақтанышымызға айналар отаныл азамат болып қалыптасуына тырысуымыз қажет. Бала бойына тәрбиенің ұрығын себетін, ең алдымен, ата-анасы болса, одан кейін балабақша, одан соң мектеп. Жер бетінде мекен еткен адамзаттың бір бұтағы – бір халықтың қандай да дара қасиетке ие болып, қандай бет-бейнесімен көрінуі – сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байналысты.
Халықтық педагогика – ұлттар мен ұлыстардың ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау үрдісінің озық үлгілерінің жиынтығы.
Бабаларамыздың игі дәстүрлерін сақтай отырып, өз ұрпақтарымызлы адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ержүрек, ізгі қасиетті, ар ожданды қылып өсіру тәрбиешінің, ата-ананың басты міндеті. Сондықтан саналы, салауатты, халқымыздың барлық дәстүріне, әлем мәдениетіне қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу әр отбасына және білім мекемелеріндегі адамгершілік тәрбиеге байланысты.
Қазіргі таңда қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы серпінді өзгерістер білім беруді әлемдік кеңістікпен ықпалдастыру талабын қойып отыр. Жаһандану дәуірінде ұлт ретінде жойылып кетуге соқтыруы мүмкін рухани мәңгүрттіктен сақтану және халықтық тәжірибеге тән тәрбиенің мазмұнын сақтап қалу үшін өткен тарихымыз бен мәдени маұраларымызды зерделеуге, рухани құндылықтарымызды саралап, оны білім беру жүйесіне кешенді ендіру арқылы ұрпақ тәрбиесін ұлттық негізде құруға басты мән беру өте маңызды. Қазақ халқының тарих қойнауында қанша ғасыр өтсе де, тәлім-тәрбиелік мәнін жоғалтпаған ұлттық болмысына, сана-сезіміне, тұлғалық сипатына сай жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды тәрбиенің мазмұнына арқау ету жетілген тұлғаны қалыптастыру мәселесі педагогика ғылымының тарихына жаңаша көзқарасты қажет етеді.