Home » Жаңалықтар » Павлодар жаңалықтары Қазақстан – менің алтын бесігім

Павлодар жаңалықтары Қазақстан – менің алтын бесігім

Қазақстан – менің алтын бесігім

Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық — мейірімділік бұлағы» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында 2020 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызына дейін Шымкент қаласында балаларға арналған білім беру ұйымдары арасында жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін «Қазақстан – менің алтын бесігім» атты республикалық балалар шығармашылығының фестивалі өтті.

Конкурс үш бағытта өтті: хореография, вокал және мюзикл. Павлодар облысынан облыстық турдың жеңімпаздары, Тереңкөл ауданының балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.

Балалар республикалық сахнада абыроймен өнер көрсетіп, жақсы нәтиже көрсетті. Евгений Доценко кіші тобында «Вокал» номинациясы бойынша  Гран – при жүлдесін жеңіп алды (жетекшісі Алмагуль Алексеевна Бейсембинова). «Хореография» номинациясы бойынша «Айкөркем» би ансамблі ІІІ орынға ие болды (жетекшісі Куралай Оразаловна Бейсембаева).
Ұсынылған мюзиклдарды қарау қорытындысы бойынша тәрбиеленуші Лаура

Мұхаметжанова  «Үздік әйел рөлі» номинациясымен марапатталды. Оған тамаша өнер көрсеткені үшін М.Әуезов атындағы университеттің театр өнер кафедрасының аға оқытушысы Әбілқайыр Жандарбеков авторлық кітабын табыс етті.
Барлық жеңімпаздар мен номинанттар ҚР Білім және ғылым министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталып, жетекшілеріне Алғыс хаттары табысталды.

 

 

Аймақаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Жақында жоғары электроника және коммуникация колледжінде «Құрылыс» (Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, көлік құрылысы) мамандығы бойынша «Арнайы пәндерді оқу кезінде оқытушының кәсіби қызметінің уәждемесі» атты І аймақаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға қатысушыларды арнайы пәндер оқытушылары Кожиков С.Н., Жания К. және басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары Сейтказин Б.Б. құттықтады.
Конференцияда оқу мотивациясының өзекті мәселелері қаралды. Бұл студенттердің психологиялық ерекшеліктерін есепке алу, әлеуметтік серіктестермен жұмыс (өндірістік-технологиялық практика, конкурстар, олимпиадалар), студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, оның қорытындысы нақты жобалар болып табылады, өздерінің туған қалалары мысалында нақты құрылыс-сызба жұмыстарын жасау және т.б.

Іс-шарада онлайн-режимде Казаков В.А., Доцент, «Сібір мемлекеттік автомобиль-жол университеті (СибАДИ)» (Ресей, Омск қ.) «Құрылыс» бағытындағы студенттерді оқытудың тұлғалық-бағдарлы технологиясын қалыптастыру, «ПГС» профилі студент-зерттеушілердің жұмысын ұйымдастыру туралы сөз сөйледі.

— Мухутдинов Р.Ф., ГАПОУ «Казан құрылыс, сәулет және қала шаруашылығы колледжі» Ресей (Қазан), Казан құрылыс, сәулет және қала шаруашылығы колледжінің «Құрылыс бөліміндегі инновациялық білім беру технологиялары».
-Курманова К.К., Балхаш техникалық колледжі » КММ-нің оқытушысы Рахымжан Қошқарбаев (Балқаш қ.) колледж студенттерінің арнайы пәндер бойынша құзыреттілікке бағытталған оқытуды ұйымдастыру;

-Ташбаев А.Д., жоғары санатты өңдірістік оқу шебері «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» Түркістан облысы, Кентау қ., Ескі Иқан ауылы.

Конференция жұмысына облысымыздың колледж оқытушылар қатысты. Барлық қатысушылар Сертификаттармен марапатталды.

Айгүл Молдаш,
Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.