Home » Жаңалықтар » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ БАЛАЛАР ҮЙІНЕ БАРДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ БАЛАЛАР ҮЙІНЕ БАРДЫ

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің оқушылары мен бір топ педагог-ұйымдастырушы-кураторлары елордамыздың оң жағалауында орналасқан №1 балалар үйіне барды.

Мектептегі «Қоғамға қызмет» әлеуметтік жобасының аясында  қайырымдылық шаралары бұған дейін әр түрлі мекемелерде жүйелі түрде өткізіліп жүр. Жобаның басты мақсаты – оқушылардың қоғам өміріне қатысуын жүзеге асыру, адамгершілік, мейірімділік, жауапкершілік секілді қасиеттерін дамыту болып табылады.

Бұл жолы барған №1 балалар үйіндегі шара ерекше әсерлі болды. Оқушылар мен  педагог-ұйымдастырушы-кураторлар танысуды кішігірім активити өткізу арқылы жүзеге асырды. Активитиден соң балалар үйіне барған барша оқушылар домбырадан күмбірлете күй төгіп, әсем ән шырқады.  Сонымен қатар, педагог-ұйымдастырушы-кураторлар тайм-менеджмент туралы тренинг өткізіп, белгілі бір мамандық иесі болу үшін талмай еңбектеніп, жетістікке жету үшін уақытты тиімді пайдалана білу керектігін түсіндірді. Оқушылар балалармен бірнеше ойын ойнап, көңілдерін көтеруге тырысты.

Шара соңында Халықаралық мектеп оқушылары мен кураторлар балаларға тәтті сыйлықтар үйлестіріп, жаңа киімдер мен оқуға қажет кеңсе құралдарын табыстады.  Өз кезегінде, балалар мен балалар үйінің  ұжымы қонақтарға мектеп қауымдастығының көрсеткен қамқорлығы үшін шын ықыласпен алғысын білдірді. Сондай-ақ, осындай шаралардың жиі ұйымдастырлуы тағдырдан таршылық көрген, қам көңіл балалар үшін өте маңызды екенін тілге тиек етті.

Сандуғаш Асанқызы Кожина
«Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп»
«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
дербес білім беру ұйымы филиалының баспасөз хатшысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.