Қызылжар өңірінде алғаш рет мектеп мұғалімдері мен оқушылары арасында ағылшын әндерінің «English Song Competition» облыстық байқауы өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы «СҚОПҚБАИ» және «ATENK» СҚО ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығы.
Байқауды ұйымдастырудың негізгі мақсаты: шет тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру және оқушылармен мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылды.
Қазылар алқасының құрамында Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы, «ATENK» ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығы, «Өрлеу» БАҰО» СҚО бойынша филиалының өкілдері мен АҚШ-тан арнайы шақыртумен келген Көкшетау қаласындағы. НЗМ мұғалімі Огаст Гарнзи де бар. Аталмыш байқауға мұғалімдер мен оқушылар арасынан 60 адам қатысты. Күйзеліс те, толқу сезімі де сайыскерлерге өз өнерін ортаға салуға кедергі болған жоқ, қатысуышалардың әрқайсысы өзінің музыкалық қабілеттерін мен креативтілігін толықтай көрсете білді.
Қазылар алқасының жоғары білікті мүшелеріне көптеген жарқын қойылымдардың арасынан үздіктерді анықтау оңай болмады.
Іс-шараның қорытындысы бойынша әр санаттағы жеңімпаздар Бас жүлде, I, II, III дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ демеушілердің сыйлықтарымен марапатталды: ағылшын тіліндегі көркем әдебиет, шетелдік өндірушілердің үстел ойындары, Marwin дүкенінің сыйлық сертификаттарымен марапатталды.
Арнайы жүлде – «Білімді Ел-Образованная страна» республикалық білім беру қоғамдық – саяси газетіне жазылу үшін сыйлық сертификатымен Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Ильичев орта мектебі марапатталды.
Байқауға қатысушылар мен көрермендер байқаудың нақты ұйымдастырылғанын, оның тілдік және мәдениетаралық құзыреттілігін дамытудағы маңыздылығын атап өтті.
Ә. Нұртазин
Курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының
PR, SMM – маманы, «Өрлеу «БАҰО» АҚФ СҚО бойынша ПҚ БАИ»