Home » Айтарым бар » Қазақстан  Республикасының  оқу – ағарту бірінші  вице – министрі Шымкентте

Қазақстан  Республикасының  оқу – ағарту бірінші  вице – министрі Шымкентте

27.01 2023жылы  Қазақстан Республикасының оқу – ағарту вице – министрі Каринова  Шолпан Таңатқызы Шымкент қаласы тұрғындарымен кездесті. Кездесу Шымкент қаласы №130 жалпы орта білім беретін мекемеде болды. Жыйылғандардың басым бөлігі білім саласының ардақтылары,колледж студенттерінің ата – аналары,мектеп оқушылардың ата- аналары, және көп балалы аналарда зейнеткерлер, қоғамдық қордың басшылары келді. Вице – министрі келген бойда жұмысқа кірісіп кетті алдымен өткен жылда атқарылған жұмыстарды баяндап, жаңа 2023 жылдың жоспарымен бөлісті. Сонымен бірге, Шымкент қаласының білім беру саласындағы түйіні тарқамаған мәселелерге тоқталып өтті. Шымкент қаласында бүгінгі таңда 3-4  ауысымды мектептер бар. Дәлірек айтсақ 21 мектепте орын тапшылығы байқалады екен. Бұл вице – министр айтуынша үшінші мегаполис үшін үлкен көрсеткіш. Шолпан Таңатқызы балабақшадағы бүлдіршіндерді тәрбиешілердің ұрып – соғуы өткен жылдың өзекті тақырыбына айналғанын жасырмады. Осы бағытта зерттеу жұмыстары жүріп жатқан көрінеді. Алдағы уақытта тәрбиешіні жұмысқа алу кезінде бірнеше критерийлер назарға алынатынын айтып өтті. Шолпан Таңатқызы қосымша халықтың үнінде тыңдап үлгерді біршама сұрақ – жауап  ұсыныстар болды. Шолпан Таңатқызы алдағы уақытта біршама мектептер салынатынын айтып өтті және алдағы уақытта мұғалімге деген  қажеттілік артатынын алға тартты. Кездесүден соң  вице – министр  кейбір тұрғындарды өтініштері бойынша  жеке қабылдады. Шымкент қаласы  білім бөлім басшысы Жанат Арысбекқызы Тажиеваның басшылығымен  кездесу керемет өтті. Шолпан Таңатқызының айтуынша елдегі білім сапасын арттыру бір ғана министрліктің  қолынан келе қоятын жұмыс емес. Ол үшін ұстаз оқушылар мен ата – аналар басшылар бірігіп білек сыбана кірісетін жұмыс деді.

 

Журналист: Тулаева Мадина Иманәліқызы
арнайы «Білім Айнасынан»
 Шымкент  қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.