Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Күні:Ересек топ
Білім беру саласы:Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Экология негіздері
Тақырыбы Құстарға қамқорлық
Мақсаты:Құстар туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділік:Құстардың пайдасы туралы мағлұмат беру;
Дамытушылық:Балалардың ой-өрісін дамытып ,сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлете білуге үйрету , есте сақтау қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік:Балаларды құстарға қамқорлық жасауға, сүйіспеншілік сезімдерін ояту .
Көрнекі — құралдар:Құстардың суреттері, слайд, құстардың дыбысы, ұялар, д/о«Ұя», кір қыстырғыштар, фломастер.
Әдіс –тәсіл: Жобалау әдісі, сұрақ –жауап,мақал-мәтел,жұмбақ,ойын.
Билингвалды компонент:Тоқылдақ –дятел,бүркіт-беркут,сауысқан –сорока,көгершін –голубь.
Шаттық шеңбері:
Сәлемдесу әні
Қайырлы таң ,апайым ,
Қайырлы таң ,достарым .
Шеңберге тұрайық ,
Жылулық сыйлайық
Жарайсыңдар балалар .
Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын,шешуін айтыңдаршы ?
Жұмбақ:
Қар мұз еріп,су көбейіп
Сай салаға толады
Бүршік жарып,жарық ашып
Гүл бәйшешек басады.
Қай мезгіл деп ойлайсың ?
Қазір жылдың көктем мезгілі.
-дұрыс айтасыңдар балалар
Көктем мезгілінде неше ай бар ?
Қөктем мезгілінде үш ай бар.
Онда балалар маған көктем еайларын атап беріндерші?
Көктем айлары Наурыз,сәуір,мамыр
Қазірк көктемнің қай айы?
Қазір көктемнің мамыр айы .
-Балалар көктем мезгілінде қандай ерекшеліктерді байқадыңдар ?
(слайд көрсету )
-Балалар мына суреттен сендер нені көріп тұрсыңдар?
Бұл суретте көктем мезгілі бейнеленген .
Ал көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?
Көрікті көктем келді.Күн жылынды.Жылғалардан су ақты.Алыс өлкеден құстар ұшып келді.Құстардың тіршілігі басталды.Балапандар басып шығарды.Жаңбыр себелеп,жан –жануарлар ұйқыдан оянып ,бәйшешектер бүр жарды.
- Дұрыс айтасыңдар балалар .
(құстардың дыбысы естіледі )
— Балалар сендер бір дыбысты естіп тұрсыңдар ма?
Ия естіп тұрмыз .
— Бұл ненің дыбысы ?
Бұл құстардың дыбысы .
Дұрыс айтасыңдар балалар .
-Балалар құстар нешеге бөлінеді?
Құстар екіге бөлінеді .
Құстар дала құстары және үй құстары болып екіге бөлінеді.
- Дала құстарына қарға,торғай,сауысқан жатады.
- Ал үй құстарына қаз ,үйрек,тауық деп айтамыз.
Ал біз бүгін осы құстар жайлы айтамыз.
Балалар қандай құстарды білесіңдер?
-Қарға,торғай,көгершін,сауысқан,тоқылдақ,бүркіт,суықторғай.
Жарайсыңдар балалар.
-Балалар мен сендерге осы құстар жайлы мәлімет жинап келіңдер дегем.Ендеше ортаға салайық
- Олай болса балалар біз бүгін құстарға тоқталамыз .
- Балалар бұл қандай құс?
- Қарға
- Дұрыс айтасыңдар .
- Қарға – дене мөлшері орташа,ірі болып келетін құстар .орманда және жер бетінде тіршілік етеді.Қарғалар кез келген затпен көректенеді.Біздің елдің барлық аймағында кездеседі.
- Бүркііт — көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді .Денесі үлкен ,қанаты кең.Бүркіт тым биікке ұшады .
Бүркіт жылдам ұшатын құс,жерде де жүре алады ,жүгіре де алады .Адамдар бүркітті қолға да үйрете алады .Бүркіт ет жегенді жақсы көреді .
Жарайсыңдар балалар .
Келесі құсқа назар аударайық
-Бұл қандай құс ?
Тоқылдақ
Дұрыс айтасыңдар балалар.
Тоқылдақ – ол орман құсы .Тоқылдақтын пайдасы бар ,ол ағашты тоқылдатып зиянды жәндіктерді жейді .Бұлар ұяларын ағаштарға салады .
Тоқылдақты орманның дәрігері деп атайды .Өйткені ол ағаштардың құрт- құмырсқаларын тауып жейді .Қыста тоқылдақтар көпшілікте қылқанды ағаштардың дәндерімен қоректенеді .
-Тамаша балалар .Келесі құсқа назар аударайық
Қандай құс екен ?
Сауысқан
Сауысқан – ала қанатты ,ұзын құйрықты құс. Ұясына жұмыртқа салып ,балапан басып шығарып оларды қауәп –қатерден сақтайды . Кез келген тамақты қорек етеді . Ол өте сақ. Ерекшелігі – жылтыр ,әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы да соншалық адамның айтқан сөзін жаттап алады .
-Жарайсыңдар балалар .
Олай болса келесі құсқа назар аударайық .
Көгершін — орманды ,кейде таулы жерлерде тіршілік ететін ,адам жайларына үйір ,денесі тығыс,тұмсығы қысқа . Оның түсі әр түрлі болады ақ,көк ,сұр болады .Ол қолға ұстағанға да тез үйренеді .Қорегің көпшілігі мәдени және жабайы өсімдіктердің дәндері ,жемістері мен тұқымдары .
Көгершін – бейбітшілік құсы . Ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады .
-Балалар сендер көп малімет біледі екеңсіндер осы құстар жайлы .
Олай болса бой сергіту жаттығуын жасап алайық
Құстар қанат қағады ,
Көкке самғап ұшады .
Барлық құстар қосылып
Шық,шық — деп ән салады .
Жарайсыңдар балалар .Балалар менің үйшігіме бір құс қонып ұшып келіпті .Ол қандай құс екен ?
- Бұл үйшіктің бір сыры бар сияқты .
- Олай болса ашып көрейік .Ішінде сиқыры бар шығар .
- Ендеше бірінші есігің ашайық ,ал енді шатырың ашамыз .
- Балалар үйшіктің ішінді ойындар бар екен .
- Ойын ойнаймызба ?
- Ендеше бірінші ойын «Құстардың көленкесін тап»
- (үстел үстінде жұмыс жасайды )
- Әр бала жеке ,жеке жұмыс жасайды .
- Балалар құстар туралы қандай таппақтар білеміз .
Құс анасың қорғаймыз,
Қыста жемдеп баптаймыз
Бауырмал болып бәріне,
Қорғау заның сақтаймыз !!
Жарайсыңдар балалар !
Келесі ойын : Құстарды тамақтаңдыр !
Бүркіт – тышқан
Тоқылдақ – құрттар
Сауысқан – дәнді дақылдармен
Көгершін – шекілдеуікпен
Тамаша балалар ,ойындар ұнадыма сендерге
Олай болса құстар жайлы қандай мақал –мәтел білесіңдер
Мақал –мәтел
Қыран құс шашып жейді ,
Қара құс басып жейді .
Құс патшасы –бүркіт ,
Аң патшасы – арыстан .
-Тамаша балалар .
Балалар құстарға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
«Құстың ұясын бұзба
Жұмыртқасын жарма»
Олай болса тағы бір ойын бар екен.
«Әр құсқа өз орны» – деп аталады .Құстың өз мекендейтін жерлеріне орналастыру .
(әр бала жеке,жеке жұмыс жасайды )
Балалар біз бүгін қандай құстар жайлы айттық ?
-Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?
Балалар егер менің қолыма құс келіп қонса- ,мен оны жуындырар едім .
(Мен оған ұя жасап берер едім ,су берер едім ,бидай беремін ,ұясына кіргізер едім ,қанатың сипаймың ,нан қоқымын берер едім ,аузына су тамызамын ,қауырсынын тараймын)
Жақсы қатысқан балаларды мадақтау
Тәрбиеші: Тукешева Нургуль Ермековна
№41 «Балдырған» балабақшасы