Home » Жаңалықтар » Аттестаттаудан  өткізу  үшін

Аттестаттаудан  өткізу  үшін

Білім беру сапасы педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейіне тікелей байланысты. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің білікті педагог кадрларының жоғары деңгейі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру үшін аса маңызды болып табылады. Қазақстан заңнамасы білім беру ұйымдарының меншік нысанына қарамастан педагогтерді даярлауға, біліктілігін арттыруға және еңбек қызметіне қойылатын жалпы талаптарды реттейді.

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы 2021 жылы педагогтерді аттестаттаудан өткізу  кезінде қатысуы ескерілетін бірқатар конкурстар мен семинарлар, педагогикалық оқулар өткізеді:

— «Оқу жоспарының вариативтік бөлігіне арналған үздік авторлық бағдарлама» Республикалық конкурс. Өткізілу мерзімі– сәуір;

—  «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» Республикалық конкурс. Өткізілу мерзімі–қаңтар-тамыз;

— «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» Республикалық конкурс. Өткізілу мерзімі –қаңтар-тамыз;

— «Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың  қазақ тілі педагогтерімен Республикалық шеберлік сыныптары конкурсы. Өткізілу мерзімі – наурыз;

— «Ерте жастағы балаларды әлеуметтендіру және бейімдеу» Республикалық онлайн режиміндегі семинар. Өткізілу мерзімі – қазан;

— Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Даланың алып қонырауы» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған Республикалық педагогикалық оқулар. Өткізілу мерзімі – қараша;

— «Бақытты балалық шақ» атты балалардың асфальтқа сурет салу (сырттай) Республикалық байқауы. Өткізілу мерзімі-маусым;

— Педагогтердің, балалар мен ата-аналардың қатысуымен «Ана тілің — арың бұл» атты өлеңдер, ертегілер, әңгімелерді мәнерлеп оқу челленджі. Өткізілу мерзімі- қыркүйек;

— консультациялық пункттердің жұмысы туралы өңірлердің бейнероликтері (логопедтердің, психологтардың, әлеуметтік педагогтердің және басқа  мамандардың кеңестері). Өткізілу мерзімі- мамыр;

Конкурстың Республикалық қорытынды кезеңіне қатысу үшін алдыңғы екі іріктеу кезеңінен өту қажет. Ұсынылатын конкурс материалдарына қойылатын талаптарды  Орталықтың www.rc-dd.kz. сайтында «Іс-шаралар туралы ақпарат» айдарында орналасқан ережелерден қарауыңызға болады.

«Мектепке дейінгі ұйымның ең үздік педагогы» және «Мектепке дейінгі ұйымның ең үздік әдіскері» конкурстарының  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар, ғылыми  жобалар конкурстарының  (ғылыми жарыстар),  орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстары мен спорттық жарыстар тізбесіне  енгізілгенін  назарларыңызды аударамыз.

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.