Home » Мақалалар » Өзін-өзі тану пәнінің ең басты ерекшеліктері

Өзін-өзі тану пәнінің ең басты ерекшеліктері

Ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой қозғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу — тәрбие үдірісіне енгізілуі жақсы бастама. Бұл пәннің негізгі мақсаты – оқушы бойына мейірім мен рақымшылдықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылықтың дәнін себу арқылы баланың өзіндік «менін» қалыптастыру. Бала кең әлемдегі ең пәк, ең таза, асыл жан. Оның ойының тазалығы,   арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Мектеп — білім ошағы, тәрбие ортасы, тағылым табалдырығы. Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы, рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы өзін-өзі тану пәні десек өте орынды. Пәннің сабақ үрдісіндегі құрылымы басқа пәндерден ерекше. Сабақ 5-Т ережеден тұрады олар тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық. Сонымен қоса 5 құндылық дұрыс әрекет, ақиқат, ішкі тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат жасамау. Сабақ басталар алдында тыныштық сәті, яғни жағымды күйге келу, дәйексөз, шығармашылық жұмыс, ән айту, жүректен-жүрекке т.б әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушының өз ойын еркін жеткізуіне, қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашуға жол ашады. Міне, осындай үйлесімділік болған жағдайда бүгінгісін ғана емес,болашағын сәулелі күйде елестетіп алға  ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. Әр сыныпта жаңа тақырыпты өткенде оқушылармен бірге риясыз балалық әлеміне саяхаттап кеткендей сезінемін. Оқушыларымның көзінен пәнге деген қызығушылығын бір-біріне тілек айтқандағы шынайылығын көргенде шабытыңа -шабыт, күшіңе-күш, қосылғандай боласың. Бұл пәннің негізгі заңдары: баланы сүю, баланы түсіне білу, баланы шабыттандыру, көлеңкелі жағынан емес, сәулелі жағынан қатынас жасау.

Шахиева Айгуль Жамаловна,
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кетпен ауылы
Жалилов атындағы орта мектеп
өзін-өзі тану пәні мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.