Home » Мақалалар » Дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 Дератизациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

 

Қазіргі таңда дератизация қызметін көрсету кеңінен таралған.

Дератизация-кеміргіштерді жоюға немесе азайтуға бағытталған арнайы іс-шараларының кешені.

Дератизациялауды физикалық, механикалық, химиялық тәсілдермен, улы қармақжемдерді қою, тозаңдату, газдау әдістерімен жүргізеді.

Дератизация  құралдарының жұмыс істеуге арналған ерітінділерін дайындау, оларды тозаңдау, дайындау, өлшеп-орау жұмыстарын атқарғанда жабдықталған арнайы үй-жайда міндетті түрде арнайы киімді және жеке қорғаныш құралдары костюмдерді, қолғаптарды, бас киімді, противогазды немесе респираторларды пайдалана отырып жүргізу керек. Үй-жайларды өңдеу кезінде оператор әрбір 40 минут сайын 10-15 минутқа таза ауаға немесе өңделіп жатқан аймақтан тыс шығуға тиіс.

Осы өңдеу жүргізіліп жатқан үй-жайларға бөтен адамдарға кіруге, өз киімдерін, тамақ өнімдерін сақтауға, тамақ ішуге, темекі тартуға болмайды. Дезқұралдармен жұмыс істеуге тартылатын мамандар (дезинструктор, дезинфектор) әр 5 (бес) жыл сайын дератизациялау бойынша кәсіптік даярлықтан және жыл сайын жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дезқұралдармен уланған кезде дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету мәселелері бойынша нұсқамадан өтеді.

‎    Дератизация кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың (оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т.б.) қоздырғыштарын дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі. Сақтандыру үшін тұрғын үйлер мен ғимараттардың астындағы жертөлелерді, қоймаларды, мал мен құс қораларын таза ұстайды. Әдетте улы, еліктіргіш заттар ретінде крысид, цинкфосфид, зоокумарин, дифторан, стрихнин, фторацетамид, күкіртті ангидрид, т.б. пайдаланылады. Дератизация жұмыстарын қалалар мен жергілікті жерлерде Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттіктің қызметкерлері, арнайы  мекемелер  өсімдік қорғау мамандары мен агрономдар атқарады.

Сол себепті, дезинфекциялық өңдеу жүргізу сұрағы туындағанда мамандырылған мекемелерге хабарласуға кеңес береміз.

Алатау ауданының  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысының м.а.  Л. Тойчиева

Алатау ауданының  санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің бас  маманы  А. Досетова

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.