Home » Айтарым бар » Құрметті Павлодар қаласы №5 жалпы орта білім беру мектебінің басшысы Асхат Қатбекұлы Сағынбаев және қадірлі ұстаздар қауымы!

Құрметті Павлодар қаласы №5 жалпы орта білім беру мектебінің басшысы Асхат Қатбекұлы Сағынбаев және қадірлі ұстаздар қауымы!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің еліміздің гүлденуі жолындағы және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз, абыройлы еңбектеріңізге толымды табыс, зор денсаулық және отбасыларыңызға береке мен бақыт тілейміз. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бағытталсын!

Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдар мен даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңды,
Ешбірі жеткізе алмас бағалардың.
Өткізіп өз алдыңнан талай шәкірт,
Бойына құйдың ақыл, ой менен құт.
Сарп етіп талай жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың жақұт.

Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да, төбем өсіп көкке тиіп.
Алдыңда әрқашанда «Ұстазым!» деп,
Тұрармын басымды иіп, тағзым етіп.

Ізгі тілекпен:
Бастауыш қазақ сыныбының мұғалімдері,
Павлодар қаласы.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.